Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тұрмыстық зорлық-зомбылық: прокуратура заңдағы жаңа өзгерістерді түсіндірді

Тұрмыстық зорлық-зомбылық: прокуратура заңдағы жаңа өзгерістерді түсіндірді
Фото: Астана қ. әкімдігі

Отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу Қазақстан Республикасы мемлекеттік құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі болып қала береді. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық болып саналады. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Есіл ауданы прокуратурасы бөлімінің прокуроры Мадиар Оразақ мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Спикердің айтуынша, отбасы – қоғамның негізі, алайда тұрмыстық жанжалдар құқық бұзушылықтардың жасалуына жиі себеп болады. Отбасылық-тұрмыстық салада денсаулыққа зиян келтіру, азаптау, сталкинг, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау сияқты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалады.

«Отбасылық-тұрмыстық салада жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың бірі – ұрып-соғу. Ол үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109-1-бабында көзделген. Ұрып-соғу деп денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпағанымен, дене ауырсынуын келтірген ұрып-соғуды немесе өзге де күш қолдану әрекеттерін жасау түсініледі.

Осы қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін 100-ден 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл, дәл сол мөлшерде түзеу жұмыстары, 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар не 30 тәуліктен 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жаза көзделген. Мәселен, бір жағдайда қала тұрғыны қызғаныштан туындаған отбасылық жанжал кезінде жұбайына дене жарақатын келтірген. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109-1-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Сот үкімімен кінәліге 40 сағат қоғамдық жұмыстар түріндегі жаза тағайындалды.

2025 жылғы 16 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде сталкинг үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін 115-1-бап күшіне енді», – дейді прокурор.

Оның айтуынша, сталкинг деп адамның еркіне қайшы байланыс орнатуға немесе аңдуға бағытталған, күш қолданумен ұштаспайтын, бірақ елеулі зиян келтірген заңсыз қудалау түсініледі.

Осы құқық бұзушылықты жасағаны үшін 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл, түзеу жұмыстары, 200 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жаза көзделген.

Тәжірибе жаңа норманың қолданылып жатқанын көрсетуде. Мәселен, некесі бұзылғаннан кейін ер адам бұрынғы жұбайының бірнеше мәрте ескертуіне қарамастан, оны қудалауын жалғастырған, жұмыс орны мен тұрғылықты жеріне барған, сондай-ақ ұялы телефондағы WhatsApp қосымшасы арқылы жүйелі түрде қоңырау шалып, хабарламалар жіберген. Жәбірленушінің арызы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-1-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, кейіннен сотқа жолданып, ақтамайтын негіздер бойынша тоқтатылды.

«Мемлекет отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға ерекше көңіл бөледі. Мемлекеттік органдар әлеуметтік қауіпті жағдайда тұрған отбасыларды анықтау, оларға қажетті көмек көрсету және профилактикалық іс-шараларды жүргізу бойынша жүйелі жұмыс атқаруда. Отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алудың негізгі мақсаты – кінәлілерді жауаптылыққа тарту ғана емес, ең алдымен зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отбасы институтын нығайту.

Көмекке дер кезінде жүгіну, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне қағидатты құқықтық баға беру және профилактикалық жұмыстар жүргізу осындай құқық бұзушылықтардың деңгейін төмендетуге және отбасының әрбір мүшесі үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деп Мадиар Оразақ ойын қорытындылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді