Алматының Әуезов ауданында заңсыз сауда жүргізілген 7 ірі орын толықтай жойылды. Бұған дейін бұл аумақтарда киім-кешек, көкөніс, сүт өнімдері мен гүлдер заңсыз сатылған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жыл басынан бері аудандық Полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-бабы бойынша құқық бұзушыларға қатысты жалпы сомасы 3,4 млн теңгеден асатын 698 әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар, Кодекстің 505-бабы бойынша жалпы сомасы 5,3 млн теңгеден асатын 1 386 әкімшілік хаттама рәсімделді. Сондай-ақ, жыл басынан бері Әуезов ауданында 192 стационарлық емес сауда нысаны бұзылды.