Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Снюс , насыбай және кальян: Астанада ондаған мекеме мен жүздеген азаматқа айыппұл салынды

Снюс , насыбай және кальян: Астанада ондаған мекеме мен жүздеген азаматқа айыппұл салынды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату мен тұтынудың алдын алу және анықтау мақсатында ауқымды профилактикалық рейдтер жалғасып жатыр. Мұндай іс-шаралар елорданың барлық алты ауданында өткізіліп келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сарыарқа ауданында жыл басынан бері 120-дан астам рейд жүргізілді. Учаскелік инспекторлар мен ювеналды полиция қызметкерлері сауда орындарын, қоғамдық тамақтану нысандарын және жастар көп жиналатын орындарды қамтыды. Іс-шаралар нәтижесінде белгіленбеген орындарда шегілмейтін темекі өнімдеріү қолдануға байланысты 315 құқықбұзушылық анықталды. Барлық құқықбұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы ауданында жыл басынан бері өткізілген рейдтер барысында 45 жеке тұлғаға айыппұл салынды. Сонымен қатар, насыбай мен снюс сынды шегілмейтін темекі өнімдері сатылған 32 дүкен анықталды, тексеріс кезінде шамамен 1000 дана өнім тәркіленді.Байқоңыр ауданында жыл басынан бері 200-ден астам шағын және орта бизнес нысандары тексерілді, оған сауда орындары, сауда үйлері, супермаркеттер, кафелер, барлар мен мейрамханалар кіреді. Нәтижесінде 53 құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Есіл ауданында жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабын (соның ішінде кальян шегуге тыйым салынған орындарда қолдану) бұзғаны үшін 857 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 756 жағдай кальян шегумен байланысты.Сарайшық ауданында жүргізілген рейдтердің нәтижесінде 5 дүкен ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша айыппұлға тартылды. Жалпы салынған айыппұл сомасы шамамен 500 мың теңгені құрады.

Нұра ауданында жыл басынан бері шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату бойынша 6 дерек анықталды. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті сақтау және заң талаптарының орындалуын бақылау мақсатында 18 ойын-сауық орны тексеріліп, олардың барлығында ортақ пайдалану орындарында кальян шегу фактілері тіркелді.Барлық құқықбұзушылық ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша рәсімделіп, салынған айыппұлдың жалпы сомасы 4 миллион теңгеден асты.Профилактикалық рейдтер қала бойынша жалғасатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады