Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда егін орағы науқаны басталды

Қазақстанда егін орағы науқаны басталды
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының, Жетісу облысы мен Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері егін орағы науқанына кірісті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғары қарқынмен басталған науқанның алдын ала мәліметтеріне қарағанда, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда егіс алқаптарының өнімділігі едәуір артқаны байқалады.

Бүгінгі таңда 634 мың тонна дәнді дақыл бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 20,6 центнерді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен (12,2 ц/га) 1,7 есе жоғары.

Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша да оң үрдіс сақталуда. Атап айтқанда, бидайдың жалпы түсімі 461,2 мың тоннаға жетіп, орташа өнімділігі гектарына 19,1 центнерді құрады. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш гектарына 13,7 центнер болған.

Арпа жинау науқаны да жоғары нәтижемен жүргізілуде. Қазіргі уақытта 157,8 мың тонна арпа жиналды. Орташа өнімділік гектарына 17,0 центнерді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден (8,7 ц/га) екі есе артты.

Егін орағы науқанын уақтылы әрі сапалы өткізу үшін аграршылар қажетті ауыл шаруашылығы техникасымен толық қамтамасыз етілген. Бүгінде еліміздің ауыл шаруашылығы құрылымдарында 133,9 мың трактор, 5,6 мың жоғары өнімді егіс кешені, 71,4 мың тұқым сепкіш және 188,5 мың топырақ өңдеу техникасы бар.

Сондай-ақ мемлекет тарапынан 401 мың тонна жеңілдетілген дизель отынын бөлу көзделген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді