Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Балқаш ауданында «Бауыржан-7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алқаптарында күріш жинау науқаны қарқынды түрде жалғасуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі  Алматы облысының әкімідігіне сілтеме жасап.

Жұмысқа барлық қажетті ауыл шаруашылығы техникасы толық жұмылдырылған: комбайндар піскен егіс алқаптарымен жүйелі түрде жүріп өтіп, орақ науқанының уақытылы және сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуде. 

Шаруашылық басшысы Талғат Сұлтанов науқан барысын тұрақты бақылауда ұстап, мамандардың жұмысын үйлестіру және өндірістік процестің тиімді ұйымдастырылуын қамтамасыз етуде.

Шаруашылықтың суармалы жерлерінің жалпы көлемі 730 гектарды құрайды, оның 247 гектары – күріш, 205 гектары – бидай, 278 гектары – көпжылдық шөптер. Егін жинауға екі комбайн, бір КамАЗ жүк көлігі, сондай-ақ МТЗ-80 және МТЗ-1221 тракторлары тартылған. Бүгінгі күні 110 гектар күріш орылып, орташа өнімділік гектарына шамамен 40 центнерді құрап отыр.

Биылғы жылы аудандағы суармалы егістік жерлердің жалпы көлемі 27 мың гектардан асты. Оның ішінде 7 мың гектардан астам жерге күріш егілген, 5 мың гектардан астамы – бидай мен арпа егістері. Қалған алқаптар көкөніс, бақша және мал азықтық дақылдарға бөлінген.

Жазғы шөп дайындау науқаны аясында 160 мың тоннадан астам пішен, 40 мың тоннадан аса сүрлем-шөп (сенаж), шамамен 33 мың тонна сабан және 85 мың тонна сүрлем дайындалған. Дәнді дақылдардан жиналған өнім көлемі 9 мың тоннадан асып, орташа өнімділік гектарына 18 центнерді құрады. Қазіргі уақытта 6 мың гектардан астам күріш алқабы орылып, орташа өнімділік гектарына 42 центнерге жуық.

Күз мезгілі дәстүрлі түрде ауыл шаруашылығы маусымының қорытындысын шығаратын уақыт болып табылады. Балқаш ауданының береке мен молшылықтың символына айналған күріш өнімі диқандардың тынымсыз еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Егіншілердің еңбегі өңірдің аграрлық саласын тұрақты дамытуға және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті