Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында орақ науқаны аяқталуға жақын

Солтүстік Қазақстан облысында орақ науқаны аяқталуға жақын
Фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Өңірдің аграрлық сала өкілдері жиналған өнім көлемі мен негізгі дақылдардың өнімділігі бойынша тұрақты нәтижелер көрсетуде. Мәселен, 16 қазан күнгі жағдай бойынша, 2,972 млн гектар алқаптан дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды, бұл егіс алқабының 98,2%-ын құрайды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы бастырылған астық көлемі – 6,17 млн тонна, ал орташа өнімділік гектарына – 20,8 центнер. Бұл – соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Бұған агротехнологияларды жетілдіру, техниканы жаңғырту және өсімдік шаруашылығында жаңа тәсілдерді қолдану сияқты нақты қадамдар ықпал етті. Майлы дақылдарды жинау да табысты жүзеге асуда.

Бүгінгі таңда 684,0 мың гектар алқаптан 791,3 мың тонна өнім жиналды, орташа өнімділік гектарына 11,6 центнерді құрады.

Егін науқаны нәтижесінде майлы дақылдардан 1,0 млн тоннаға дейін рекордтық өнім алу межеленген. Олай болғанда бұл өңір тарихындағы ең жоғары көрсеткіш болмақ.

Бұл жетістік ел ішінде де, сыртқы нарықтарда да майлы дақылдарға деген сұраныс артып тұрған кезеңде ерекше маңызды. Сонымен қатар, 8,6 мың гектар жерден 135,9 мың тонна картоп жиналды (өнімділік – 158,2 ц/га).

Көкөніс дақылдарының өнімділігі гектарына 137,8 центнер деңгейіне жетті. Дала жұмыстарына заманауи техникалар кеңінен қолданылуда. Науқанға 7 мың астық жинайтын комбайн (оның жартысынан астамы – жоғары өнімді), 12,3 мың трактор, 9 мың тіркеме, 4,5 мың орақ басы (жатка) және 5,6 мың жүк көлігі жұмылдырылды.

Биылғы маусымда осы аймақтың шаруалары 340 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алып, топыраққа енгізді, бұл былтырғымен салыстырғанда (256,6 мың тонна) әлдеқайда көп. Сондай-ақ, 52,5 мың тонна элиталық тұқым себілді, бұл тұқым жаңарту деңгейін 11,2% деңгейінде қамтамасыз етті.

Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Даурен Токужиновтың айтуынша, өңірде келесі ауыл шаруашылығы маусымына дайындық басталып кетті. Бұл орайда, 2,258 млн гектар жерге жыртылып, себуге 366,7 мың тонна тұқым дайындалды, бұл жоспардың 80,7%-ы деген сөз.

Орақ науқанының барысында белгілі болғанындай, өңірдің агроөнеркәсіп кешені табысты дамып келеді.

Агротехнологияларды жүйелі түрде жетілдіру, мемлекеттік қолдау және өндірістік тәртіпті сақтау ішкі нарықты қамтамасыз етуге әрі экспорт көлемін арттыруға кең жол ашуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті