Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов цифрлық экономика үшін инфрақұрылымдардың озық қарқынмен дамуы маңызды екенін атап өтті

Олжас Бектенов цифрлық экономика үшін инфрақұрылымдардың озық қарқынмен дамуы маңызды екенін атап өтті
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындап берген бірқатар міндеттер аясында телекоммуникациялық инфрақұрылымды цифрлық экономиканың негізі ретінде дамыту мәселесі қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Саланың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев баяндады. Сондай-ақ «Freedom Cloud Holding», «КаР-Тел», «Кселл», «Мобайл Телеком-Сервис» телекоммуникациялық компанияларының басшылары баяндама жасады.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, телекоммуникация саласына салынатын инвестициялар тұрақты түрде өсіп келеді. Егер 2024 жылы олардың көлемі 357 млрд теңге болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 482 млрд теңгеге жетті. Болжам бойынша, 2026 жылы инвестиция көлемі 500 млрд теңгені құрамақ.

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында халықтық цифрлық экономика құруға бағытталған бірқатар міндеттерді айқындап бергенін атап өтті. Оның қалыптасуы тікелей телекоммуникациялық инфрақұрылымның дамуына байланысты болмақ.

«Байланыс және интернет желілерінің дамуы мен орнықтылығы – заманауи экономиканың базалық инфрақұрылымы. Кәсіпорындардың, мемлекеттік сервистердің, денсаулық сақтау, білім беру және қаржы жүйелерінің жұмысы олардың қолжетімді болуы мен тұрақтылығына тікелей байланысты. Жалпы, телекоммуникациялық инфрақұрылым озық қарқынмен дамып,  Digital Qazaqstan стратегиясын жүзеге асыру үшін  негіз қалауға тиіс. Жұмыстың басты нәтижесі – азаматтар, бизнес  және мемлекеттік сервистер үшін  олардың орналасқан жеріне қарамастан сенімді әрі сапалы байланысты қамтамасыз ету. Мемлекет пен байланыс операторларының күш-жігері дәл осы мақсатқа бағытталуға тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Соңғы жылдары отандық телекоммуникация саласы едәуір ілгері басты. Мобильді байланыспен қамту ауқымы кеңейіп, магистральдық желілер тартылып жатыр. Бұдан бөлек, жеке инвестициялар салынып,  жаңа технологиялар енгізіліп жатыр. Сонымен қатар азаматтар мен бизнес үшін  жаңадан іске қосылған базалық станциялардың саны туралы есептен гөрі  жұмыста, жолда және үйде болсын, интернетті үздіксіз пайдалану мүмкіндігі маңызды. Сондықтан байланыс сапасы мен оның қолжетімді болуы  саланы дамыту нәтижелерін бағалаудың басты критерийіне айналуға тиіс.

Премьер-министр «Digital Qazaqstan» стратегиясы аясында жаппай цифрландыру шаралары қаралғанын атап өтті, ал жасанды интеллект, бұлтты платформалар және цифрлық мемлекеттік қызметтер барған сайын өнімділігі жоғары инфрақұрылымды талап етеді. Осыған байланысты желілердің озық қарқынмен дамуы қамтамасыз етіліп,  экономиканың цифрлық трансформациясын тежейтін барлық кедергілер жойылуы қажет. Бұл ретте елімізде тартылған магистральдық желілерге қарамастан, үйлер мен кәсіпорындарды интернетке нақты қосу мүмкіндігі жағынан әлі де болса алшақтық бар. Бұл мәселе әсіресе ауылдық жерлерде өткір тұр. Көп жағдайда магистральдық желілер жеткізілгенімен, олардың елді мекен ішіндегі тармақталған желісі жоқ.

Премьер-министр «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасының нәтижесі елді мекендерге дейін желі тартумен ғана шектелмей, тұтынушыларды интернетке нақты қосуды қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне байланыс операторларымен және әкімдіктермен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін көрсетілетін қызметтердің нақты сапасына мониторинг жүргізуді көздей отырып, ауылдардағы абоненттерді интернетке қосудың 2027 жылға арналған нысандық кестесін бекіту тапсырылды.

Ірі елді мекендер мен автомобиль жолдарында мобильді байланыстың тұрақсыздығы мәселесін жүйелі түрде шешу қажеттігі жеке атап өтілді. Бұл мәселе азаматтардың ыңғайлылығы үшін ғана емес, олардың қауіпсіздігі үшін де маңызды екені атап өтілді. Бұл мәселе байланыстың сапасымен қатар,  қауіпсіздікке де тікелей қатысты. Проблемалық учаскелерді азаматтардың шағымдарынан кейін ғана емес,  жүйелі түрде анықтап отыру қажет. Бүкіл ел аумағындағы байланыстың сапасы мен тұрақтылығы бойынша нақты ахуалды айқындау керек.  Жауапты ведомство әкімдіктермен және операторлармен бірлесіп, бір ай мерзімде байланыс сапасы нашар аумақтардың картасын қайта қарап, кемшіліктерді жоюдың нақты мерзімдерін бекітуі тиіс.

Сонымен қатар Премьер-министр жаңа базалық стансаларды орналастыру кезінде туындайтын ұзаққа созылатын келісу рәсімдері сияқты түрлі қиындықтарға ерекше назар аударды. Азаматтар тарапынан да түсінбеушіліктер бар. Кейбірі қосымша антенналар орнатуды сұраса, енді бірі оларды алып тастауды талап етеді.

Сондықтан халық арасында түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу қажет екені атап өтілді. Жасанды интеллект және цифрлық даму, Өнеркәсіп, Денсаулық сақтау министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп, екі ай мерзімде жаңа базалық стансалар мен жабдықтарды орнату рәсімдерін оңтайландыру бойынша келісілген ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Басым бағыттар қатарында халықаралық деректерді беру арналарын дамыту да көрсетілген. Транскаспий желісі және «Батыс – Шығыс» магистралі сияқты жаңа магистральдық жобалар Қазақстан арқылы өтетін деректер транзитінің көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Алайда инфрақұрылым салу экономикалық нәтижеге кепілдік бермейді. Бұл ретте оның толық жүктелуін, маршруттардың сенімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне операторлармен бірлесіп,  2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін транзиттің нақты өлшемді көрсеткіштерін қамтитын халықаралық байланыс арналарының коммерциялық даму жоспарын ұсыну міндетін қойды.

Премьер-министр отырыс қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді:

Бірінші.

«Цифрлық экономиканы дамыту және жасанды интеллектіні кеңінен енгізу айтарлықтай есептеу қуаттарын талап етеді. Осыған байланысты елімізде деректерді өңдеу орталықтарын салу бойынша ірі жобалар жүзеге асырылуда. Бұл ретте оларды салып қана қоймай, сонымен қатар толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасау маңызды. Сондықтан жоспарлау кезеңінде электр энергиясына деген қажеттілікті, желілерге қосылу мүмкіндіктерін және есептеу қуаттарының әлеуетті тұтынушыларын айқындау қажет. Салынған нысандар қажетті инфрақұрылымның болмауынан  немесе олардың қызметтеріне сұраныстың жеткіліксіздігінен бос тұрып қалатын жағдайларға жол беруге болмайды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жасанды интеллект және Энергетика министрліктері инвесторлармен бірлесіп, екі ай мерзімде негізгі және перспективалы деректерді өңдеу орталықтарын іске қосу кестесін бекітсін. Онда қажетті энергетикалық қуаттар, инженерлік желілерге қосылу және жүктелуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделуі тиіс.

Екінші. Қазіргі жағдайда байланыс саласы аса маңызды инфрақұрылым саналады. Кибершабуылдар, апаттар немесе жекелеген тораптардың істен шығуы бір мезгілде миллиондаған пайдаланушыға және өмірлік маңызы бар сервистердің жұмысына әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда орын алған инциденттерге ден қоюмен ғана шектелуге болмайды. Ықтимал осал тұстарды алдын ала анықтап, негізгі байланыс арналарының резервін қамтамасыз ету және операторлардың штаттан тыс жағдайларға дайындығын тұрақты түрде тексеру қажет. Жасанды интеллект министрлігіне уәкілетті органдармен және операторлармен бірлесіп, үш ай мерзімде байланыс желілерінің аса маңызды инфрақұрылымының орнықтылығына бағалау жүргізіп, анықталған тәуекелдерді жоюдың нақты жоспарын ұсыну тапсырылды. Сонымен қатар телефон және интернет алаяқтығының жолын кесу үшін операторлардың құқық қорғау органдарымен және Антифрод-орталықпен өзара іс-қимылын күшейту қажет.

Үшінші. Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту үшін қомақты инвестициялар қажет. Бұл ретте желілердің құрылысы және салынған инвестициялардың өтелуі бірнеше жылға созылады. Уәкілетті органдар инвесторлар үшін тұрақты әрі түсінікті жағдайлар қалыптастыруы қажет. Сонымен қатар мемлекеттік қолдау операторлардың байланыспен қамту ауқымын кеңейту, байланыс сапасын арттыру және халық үшін көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі нақты міндеттемелерімен қатар жүруге тиіс. Жасанды интеллект министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2027-ші жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін салаға инвестиция салу бағытындағы әкімшілік кедергілерді жою және операторлар үшін тең бәсекелестік жағдайларын қамтамасыз ету тәсілдерін әзірлеу тапсырылды.

Төртінші.

«5G желілерін дамыту тек мобильді интернет жылдамдығын арттырумен шектелмей, нақты экономикалық нәтиже беруге тиіс. Қазірдің өзінде өнеркәсіп орындарында 5G жекеменшік желілерінің жобалары жүзеге асырылуда. Бұл технологиялар пилотсыз техниканы енгізуге, өндірісті автоматтандыруға және жұмысшылардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Алайда әзірге мұндай шешімдер жекелеген нысандарда ғана қолға алынған. Оларды өнеркәсіпте, көлік саласында және экономиканың басқа да секторларында кеңінен қолдануды қамтамасыз ету қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жасанды интеллект министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және байланыс операторларымен бірлесіп, 2027-ші жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін 5G жекеменшік желілерін енгізу үшін басым салалар мен кәсіпорындарды айқындауды тапсырды.

Бесінші. Бүгінде операторлар байланыс желілерін белсенді түрде кеңейтіп жатыр. Алайда салынған инфрақұрылымның мүмкіндіктері толық көлемде пайдаланылмай отыр. Жасанды интеллект базалық стансалар арасындағы жүктемені неғұрлым тиімді бөлуге, шамадан тыс жүктемелердің алдын алуға және пайдаланушылардың белсенділігі ең жоғары кезеңдерде де интернеттің тұрақты жылдамдығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұндай технологияларды енгізу азаматтар үшін нақты нәтиже беруі қажет. Атап айтқанда, тұрғын аудандарда, қоғамдық орындарда және адамдар көп жиналатын нысандарда байланыс сапасы жоғары болуға тиіс. Сондықтан байланыс операторлары жекелеген пилоттық жобалармен шектелмей, барынша тиімді шешімдерді кеңінен қолдануы керек. Жасанды интеллект министрлігі үш ай мерзімде телекоммуникациялық желілерде жаңа технологияларды енгізу мен ауқымын кеңейтудің тиісті жоспарын бекітуі тиіс.

Жалпы бақылау мен үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке жүктелді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
1 комментарий
  • Hassan
  • 24-11-2026, 14:57
  • : 14:57
Online casino, https://knowext.com/bonusni-propozytsii-dlia-novykh-hravtsiv-kazyno-shelbywin-n
ovi-pytannia/
offers thrilling playing experiences to gamblers. With a vast selection of choices, it caters to all types of enthusiasts.
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды