Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана мен Шанхай арасында тікелей әуе рейстерін ашу жоспарлануда

Астана мен Шанхай арасында тікелей әуе рейстерін ашу жоспарлануда
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева China Eastern Airlines әуе компаниясының маркетинг және сату жөніндегі Аға вице-президенті Чэнь Цзинь мырзамен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Келіссөздердің негізгі тақырыбы Астана – Шанхай бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашу мәселесі болды. Әуе компаниясының өкілдері аталған бағытқа жоғары коммерциялық қызығушылық танытып отырғанын растап, қажетті дайындық жұмыстарын аяқтағаннан кейін биылғы күзден бастап рейстерді іске қосуға дайын екендерін мәлімдеді. Бастапқы кезеңде рейстер аптасына үш рет орындалып, кейіннен олардың жиілігін күнделікті рейске дейін арттыру жоспарлануда.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы бағыттар желісін одан әрі кеңейту перспективаларын да талқылады. Әуе компаниясының басшылығы Қазақстанға орындалатын рейстер санын көбейтуге, сондай-ақ қазақстандық әуе тасымалдаушыларымен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді.

Жаңа бағыттың ашылуы Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасын дамыту жөніндегі уағдаластықтарды іске асырудағы кезекті маңызды қадам болмақ. Екі елдің іскерлік және саяси орталықтарын тікелей әуе қатынасымен байланыстыру туристік, іскерлік және инвестициялық байланыстардың одан әрі нығаюына, сондай-ақ Қазақстанның транзиттік әлеуетін кеңейтуге ықпал етеді.

Анықтама:

China Eastern Airlines – Қытайдың үш ірі мемлекеттік әуе компаниясының бірі және елдегі көлемі жағынан екінші ірі әуе тасымалдаушы. Компанияның штаб-пәтері Шанхай қаласында орналасқан.

Әуе компаниясының паркі 834 әуе кемесінен тұрады. 2025 жылы China Eastern Airlines 150 миллион жолаушыға қызмет көрсетті. Компания Шанхайдың екі әуежайынан тәулігіне шамамен 550 рейс орындайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді