Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды

Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды
Фото: polisia.kz

Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылғы шілде айында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Қарағанды қаласының 34 жастағы тұрғынын, киім сату дүкендері желісінің иесі, жеке кәсіпкерді есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен ұстады. Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті заңсыз пайда табу мақсатында синтетикалық есірткі заттарын қала аумағында жасырын орындарға қойып кетіп, таратумен айналысқан. Ұстау кезінде одан жалпы салмағы шамамен 5 грамм болатын синтетикалық зат салынған 13 орам тәркіленді.

Тінту барысында оның тұрғылықты мекенжайынан жеке тұтыну үшін сақтаған жалпы салмағы 6 грамнан асатын гашиш есірткі заты табылып, тәркіленді. Көлік полицейлері есірткі заттарын заңсыз өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының шешімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді