Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында күдікті депозиттегі қаражатты иемденіп, құмар ойынға жұмсаған

Ақмола облысында күдікті депозиттегі қаражатты иемденіп, құмар ойынға жұмсаған
Фото: polisia.kz

Көкшетау қаласында телефон мен ірі көлемдегі ақша қаражатының ұрлануына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

10 шілдеде Көкшетау қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызбен жүгінді. Ол телефоны мен ақша қаражатының жоғалғанын хабарлаған. Келтірілген шығынның жалпы көлемі шамамен 2,6 млн теңгені құрады. Тергеу барысында полицейлер 2007 жылы туған жәбірленушінің iPhone 15 ұялы телефоны жоғалғанын анықтады. Алдын ала мәліметке сәйкес, құрылғыда орналасқан банктік қосымша арқылы депозиттік шотта шамамен 2 млн теңге сақталған. Анықталғандай, оқиғаға дейін жас жігіт танысымен бірге уақыт өткізген. Келесі күні таңертең ол танысымен байланыса алмаған. Кейін жәбірленуші ұялы телефонының жоғалғанын және депозиттік шотынан ақша шешіліп алынғанын байқаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Алдын ала ақпарат бойынша, күдікті иемденген ақша қаражатын құмар ойынға жұмсап, ұтылып қалған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты анықталуда. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу нәтижесіне сәйкес қолданыстағы заңнамаға сай тиісті процессуалдық шешім қабылданады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты