Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында ер адам бұрынғы жұбайының шотынан ірі көлемде ақша жымқырды

Ақмола облысында ер адам бұрынғы жұбайының шотынан ірі көлемде ақша жымқырды
Фото: pixabay.com

Ақмола облысында ер адам бұрынғы жұбайының шотынан ірі көлемде ақша жымқырды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарқайың ауданының полиция бөліміне Державинск қаласының 35 жастағы тұрғынынан ұрлық фактісі бойынша арыз түсті. Жәбірленуші 13 сәуірде белгісіз тұлғаның оның банктік мобильді қосымшасы арқылы шотынан 199 655 теңге көлемінде ақша қаражатын заңсыз иемденіп кеткенін хабарлаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған құқық бұзушылықты жәбірленушінің қазіргі таңда бірге тұрмайтын бұрынғы жұбайы жасағаны анықталды. Тергеу материалдарына сәйкес, ер адам түнгі сағат 00:30 шамасында әйелдің үйіне кіріп, оның ұялы телефонын алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Кейінірек ол құрылғыдағы банктік қосымша арқылы ақшаны шешіп алып, жеке қажетіне жұмсаған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қостанай облыстық полиция департаменті азаматтарды цифрлық қауіпсіздікке ерекше мән беруге шақырады. Ұялы құрылғыларды қараусыз қалдырмауға, күрделі құпиясөз орнатуға, биометриялық қорғау жүйелерін пайдалануға кеңес береді. Сондай-ақ банк қосымшаларының PIN-кодтары мен құпиясөздерін үшінші тұлғаларға жария етпеу, құрылғы жоғалған жағдайда банк қосымшасына қолжетімділікті шұғыл түрде бұғаттау қажет. Мүмкін болған жағдайда екі факторлы аутентификацияны қосу ұсынылады. Цифрлық заманда жеке деректердің қорғалуы — қаржылық қауіпсіздіктің маңызды кепілі екенін ұмытпаған жөн.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты