Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмолалық полицейлер 2 млн теңгеден астам сомаға алтын бұйымдарды ұрлаған бойжеткенді анықтады

Ақмолалық полицейлер 2 млн теңгеден астам сомаға алтын бұйымдарды ұрлаған бойжеткенді анықтады
Фото: pixabay.com

Ақмолалық полицейлер 2 млн теңгеден астам сомаға алтын бұйымдарды ұрлаған бойжеткенді анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көкшетау қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғын ұрлық дерегі туралы өтінішпен жүгінді. Жәбірленушінің айғақтарына сәйкес, ол пәтердің кілтін туысына қалдырып, шетелге сапарға кеткен.

Қайтып оралған әйел үйден алтын бұйымдардың ұрланғанын анықтаған: сырғалар, кулон, білезік, түрлі сақиналар, шынжырлы крест. Залал сомасы 2 млн 380 мың теңгені құрады.

Полиция басқармасы аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол есірткіге тәуелді облыс орталығының 21 жастағы тұрғыны болып шықты.

Жәбірленушінің туысы ретінде күдікті өтініш берушінің тұрғын үйінің кілттеріне еркін қол жеткізіп, алтын бұйымдарды ұрлап кетіп, ломбардқа өткізіп жіберген.

Тергеу барысында болған оқиғаның барлық мән-жайлары және күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді