Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Creative Aimaq: Астанада Қостанай өңірінің креативті әлеуеті таныстырылды

Creative Aimaq: Астанада Қостанай өңірінің креативті әлеуеті таныстырылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Qazaq Creative Hub алаңында «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры өткізіп жатқан Creative Aimaq республикалық жобасы аясында ұйымдастырылған QOSTANAI CREATIVE CULTURE креативті жәрмеңкесі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Екі күн бойы жәрмеңке Қостанай облысының тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық қолөнерін, авторлық брендтерін, заманауи технологияларын және креативті индустрияларын бір алаңда тоғыстырды. Іс-шараға 1000-нан астам адам келді.

Бұл өңірлік креативті индустриялардың экономикалық әлеуеті жоғары екенін және қазақстандық креативті өнімдерге деген сұраныстың артып келе жатқанын көрсетті.

Бағдарламаның ең айтулы сәттерінің бірі – биыл Қостанай өңірінің еншісіне бұйырған республикалық «Алтын домбыра» айтысының бас жүлдесінің көпшілік назарына ұсынылуы. Келушілер жүлде иегері Айбек Қалиевпен жүздесіп, домбыралар көрмесін, ұлттық музыкалық аспаптар топтамасын және тарихи тұлғаларға арналған экспозицияларды тамашалады.

Сонымен қатар Қостанай дизайнерлерінің этностильдегі сән көрсетілімі, Нью-Йорктегі MobFilm Festival халықаралық кинофестивалінің финалисі атанған «Қалам» мобильді фильмінің таныстырылымы, Қостанай өңірлік университеті студенттерінің инновациялық инженерлік жобалары мен Қазақстандағы алғашқы студенттік жарыс болиду көпшілік назарына ұсынылды.

Екі күн бойы зергерлік өнер, ағаш және былғары өңдеу, киіз басу, қыш өнері, ұлттық ою-өрнек пен сәндік-қолданбалы өнер бағыттары бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, келушілер ұлттық қолөнердің қыр-сырымен танысып, бұйымдарды жасау процесіне тікелей қатысты.

Сондай-ақ еліміздегі тұңғыш фольклорлық-этнографиялық ұжымдардың бірі – «Шертер» ансамблі өнер көрсетіп, ұлттық музыкалық мұраны дәріптеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді