Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қабылдау барысында қала тұрғындары халықты әлеуметтік қолдау, білім беру, мәдениет салаларына, сондай-ақ Алматының тарихи және мәдени мұрасын сақтау мәселелеріне қатысты бірқатар сұрақтармен жүгінді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаматтар көрнекті тұлғалар мен Ұлы Отан соғысы қатысушыларының есімдерін ұлықтау, мемориалдық тақталар мен ескерткіштер орнату, қала көшелеріне атау беру, мәдениет саласын дамыту, сондай-ақ мектеп автобусының бағытын өзгертуге қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Барлық өтініштер бойынша азаматтарға қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Салалық басқармалар мен жауапты ұйымдарға көтерілген мәселелерді жан-жақты қарап, қолданыстағы заңнама аясында оларды шешудің мүмкін жолдарын пысықтау тапсырылды.

Азаматтарды қабылдау тұрақты негізде өткізіліп келеді және тұрғындар мен қала әкімдігі арасындағы тікелей диалогтың маңызды тетігі болып табылады. Бұл өз кезегінде тұрғындардың өтініштеріне жедел ден қоюға және мегаполисті дамытуға қатысты өзекті мәселелерді шешуде қала тұрғындарының пікірін ескеруге мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді