Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тұрғындармен ашық диалог: Нұрдәулет Қилыбай азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Тұрғындармен ашық диалог: Нұрдәулет Қилыбай азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласындағы Азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдаді. Қабылдау алдын ала жазылу және кезектілік тәртібімен өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік маңызы бар түрлі мәселелерді көтерді. Өтініштердің басым бөлігі жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік бастамаларды іске асыру мәселелеріне қатысты болды.

Өңір басшысы әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, барлық мәселе қолданыстағы заңнама аясында жан-жақты қаралатынын атап өтті. Көтерілген мәселелер бойынша облыстық басқармаларға, қала және аудан әкімдіктеріне нақты тапсырмалар берілді.

Нұрдәулет Қилыбай халықпен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою жергілікті атқарушы органдар қызметінің басым бағыттарының бірі екенін айтты. Оның сөзінше, тұрғындармен ашық диалог өзекті мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды шешуге бағытталған тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті