Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтын 25-ші мерейтойлық түлектер бітірді

Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтын 25-ші мерейтойлық түлектер бітірді
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Алматы қаласындағы 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты курсанттарының 25-ші мерейтойлық оқуды аяқтау рәсімі салтанатты түрде өтті.

Институттың 70-тен астам түлегіне алғашқы офицерлік «лейтенант» әскери атағы берілді. Олардың қатарында ҰҚШҰ-ға мүше елдерге әскери кадрлар даярлау жөніндегі мемлекетаралық бағдарлама аясында білім алған Қырғызстан Республикасының екі әскери қызметшісі де бар.

Салтанатты рәсімге Қорғаныс министрлігінің, Қарулы күштер Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшылығының өкілдері, ардагерлер, институттың профессорлық-оқытушылық құрамы, оған қоса түлектердің ата-аналары мен жақындары қатысты.

Жас офицерлерге ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаев ақ тілегін жеткізді.

– Институт қабырғасында алған білімдерің еліміздің әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және әскеріміздің технологиялық дамуының берік іргетасы боларына сенемін. Қай жерде қызмет атқарсаңдар да, офицерлік ар-намыс, Әскери антқа деген адалдық және қоластындағы жеке құрамға қамқорлық басты ұстанымдарың болсын, – деп атап өтті ол.

Түлектер орындаған офицерлік вальс мерекелік кештің сәнін кіргізе түсті. Вальс аяқталғаннан кейін жас лейтенанттардың бірі сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасап, бойжеткен көпшіліктің зор қошеметімен келісімін берді.

Жауынгерлік дәстүрге сай салтанатты рәсім соңы түлектердің институттың Жауынгерлік Туымен қоштасуымен аяқталды. Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен жас лейтенанттар салтанатты маршпен жүріп өтті.

Ширек ғасыр ішінде Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты төрт мыңнан астам офицерді даярлап шығарды. Бүгінде оның түлектері Қарулы күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда қызмет атқарып, еліміздің қорғаныс қабілеті мен әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосып келеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді