Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Маса торлары – алдамшы қорғаныс»: Астанада тәртіп сақшылары мен құтқарушылар ата-аналарға ескерту жасады

«Маса торлары – алдамшы қорғаныс»: Астанада тәртіп сақшылары мен құтқарушылар ата-аналарға ескерту жасады
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада балалардың терезеден құлауы – көктем-жаз мезгілінде балалар жарақатының ең өзекті себептерінің бірі болып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Профилактикалық жұмыстар тұрақты жүргізілгеніне қарамастан, жыл сайын осындай ондаған оқиға тіркеліп, соның салдарынан балалар ауыр жарақат алып, кей жағдайда қайғылы жағдайға ұшырайды. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласындағы «№2 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК медициналық бөлім жөніндегі директордың орынбасары Динат Көжекенов, Астана қаласы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы бастығының м.а. Әли Арғынбаев, Астана қаласы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Еркін Жанабіл мәлім етті.

Спикерлердің айтуынша, Астана қаласындағы №2 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасының деректері бойынша, зардап шегушілердің басым бөлігін 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар құрайды. Терезеден құлау салдарынан олар ауыр бас-ми жарақаттарын, сүйек сынуларын және ішкі ағзалардың зақымдануын алып, ұзақ уақыт емделуге және оңалту шараларына мұқтаж болған.

Мамандардың айтуынша, жазатайым жағдайлардың басым бөлігі мына себептерден болады: балалар ересектердің қарауынсыз қалады, ашық терезелер мен балкондарға еркін қол жеткізеді, терезе маңында жиһаз орналасады, ал масаға қарсы торлар қауіпсіздік туралы жалған түсінік қалыптастырады. Көп жағдайда торға сүйеніп қалған баланың салмағын көтере алмай, нәтижесінде құлап кетті.
Елордада балалардың терезеден құлауын болдырмауға бағытталған кешенді шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді.

2026 жылдың наурыз айынан бастап Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мүдделі қызметтермен бірлесіп, 2,5 мыңнан астам көпқабатты тұрғын үйді аралап, шамамен 11 мың жадынама таратып, 12 мыңнан астам тұрғынмен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ювеналды полиция және волонтерлік ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырылған «Қауіпсіз терезе» акциясы аясында көпбалалы отбасылар мен кішкентай балалары бар отбасылардың пәтерлеріне 1 028 терезе құлпы-блокираторы тегін орнатылды.

53 мектепте және 35 балабақшада профилактикалық дәрістер өткізілді. Ақпараттық материалдар ата-аналар чаттары, МИБ және ПИК арқылы таратылуда. Сонымен қатар қоғамдық орындарда тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, подъездер мен лифтілерде балалар қауіпсіздігі жөніндегі материалдарға бағыттайтын QR-коды бар жадынамалар орналастырылған.

Жыл басынан бері Полиция департаментінің қызметкерлері 5 652 профилактикалық дәріс өткізіп, шамамен 10 мың ата-ананың қатысуымен 275 ата-аналар жиналысын ұйымдастырды. Сондай-ақ, 900-ден астам жадынама таратылып, 2 900 үй чаттары мен 1 500 ата-аналар чатына ақпарат жолданды.

Полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамаған жағдайда ата-аналар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескертеді.

«Ата-аналар балаларды қараусыз қалдырмауы, олардың терезе алдына шығуына жол бермеуі, терезе маңындағы жиһаздарды алып тастауы, балаларға арналған құлыптар мен ашылуды шектейтін құрылғылар орнатуы, масаға қарсы торларға сенбеуі, балаларға қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын тұрақты түсіндіріп отыруы қажет», – дейді спикерлер.

Мамандардың айтуынша, балалардың терезеден құлау жағдайларының басым бөлігінің алдын алуға болады. Мемлекеттік органдар ата-аналарды барынша мұқият болуға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және бірнеше минуттық салғырттықтың орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін екенін есте ұстауға шақырады.

Отбасы мен қоғамның бірлескен күш-жігері арқылы ғана балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді