Қыс мезгіліне қарамастан елордада балалардың көпқабатты үйлердің терезесінен құлау фактілері болып жатады. Осы мәселеге қатысты дәрігерлер астаналықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері жоғары қабаттың терезесінен үш бала құлап кеткен.Балалардың терезеден құлап кетуіне қатысты қайғылы оқиғалардың артында ата-ананың абайсыздығы жатыр, дейді дәрігерлер.
Аурухананың мәліметінше, өткен жылы балалардың терезеден құлауының 63 оқиғасы тіркелді, оның ішінде 33 бала ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды; 4 жағдайда бала қайтыс болды.Ересектерге арналған қарапайым қауіпсіздік ережелері туралы ескерту:
* Терезесі ашық немесе балкон есігі ашық бөлмеде балаларды ешқашан жалғыз қалдырмаңыз.* Балаларды терезенің алдына шығуына жол бермеңіз. * Терезенің алдына шығып алуға ыңғайлы жиһаздар болмауы қажет. * Терезелерді арнайы құлыптау құрылғыларымен жабдықтау қажет.Осы жағдайда москит торларының қауіптілігіне де көңіл бөлу керек.