Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Балалардың терезеден құлау жағдайы: Астанада алдын алу мақсатында қандай шаралар жүріп жатыр

Балалардың терезеден құлау жағдайы: Астанада алдын алу мақсатында қандай шаралар жүріп жатыр
Фото: Астана қ.әкімдігі

Қазіргі уақытта Астанада балалардың көпқабатты үйлердің терезелерінен құлау оқиғалары алаңдаушылық туғызып отыр.Биыл жыл басынан бері қалада 52 жағдай тіркелді, нәтижесінде 39 бала жарақат алып, 13 бала қайтыс болды. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары Қанат Алтынбеков мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Спикердің айтуынша, оқыс жағдайлардың негізгі себептерінің бірі – терезелерге қорғаныс торлары мен блокаторлардың орнатылмауы, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдыру немесе үлкен балалардың қарауына қалдыру.

«Ата-аналар мен заңды өкілдердің жауапкершілігі маңызды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, балаларды қараусыз қалдыруға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сондықтан ата-аналарды балалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікпен қарауға шақырамын.Балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу шеңберінде Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Ювеналды полициямен, МИБ төрағалары және еріктілермен бірлесіп елорданың көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде жадынамалар таратып, тұрғындарға қауіпсіздіктің негізгі қағидалары мен балалардың жарақаттануының алдын алуды жеткізе отырып, үгіт-насихат іс-шараларын жүргізуде», – дейді спикер.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 326 астам көппәтерлі тұрғын үйді аралау жүргізілді, 6330 данадан астам жадынама орналастырылды (әр кіреберісте және лифттерде 1 қабатта), 23 100 тұрғындар түсіндірме жұмыстарымен қамтылды.Қаланың 142 мектебінде 5360-тан астам оқушыны қамтитын дәрістер, 116 балабақшада сабақтар өткізілді, Whatsapp мессенджерінде ата-аналар чаттары бойынша, сондай-ақ МИБ және ПИК чаттары бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды.Сонымен қатар, балалардың терезеден құлауының алдын алу мәселесі бойынша тұрақты негізде «Евразия 7», «Aru cinema», «Керуен cinema», «Мега» кинотеатрларында бейнероликтер, қаланың LED, SMART, Digital экрандарында және тұрғын үй лифтерінде, маршруттық автобустар мен қала аялдамаларында бейнероликтер трансляциясы жүзеге асырылады.Департамент бұқаралық ақпарат құралында жұмысын жалғастырады, бұл республикалық теледидарларда, танымал әлеуметтік желілерде сөз сөйлеу.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті