Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда 9 мыңнан астам нысан «Инвагов» интерактивті қолжетімділік картасына енгізілді

Алматыда 9 мыңнан астам нысан «Инвагов» интерактивті қолжетімділік картасына енгізілді
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Қазақстанда қолжетімді ортаны бақылаудың негізгі құралдарының бірі - «Инвагов» интерактивті қолжетімділік картасы. Бұл цифрлық ресурс әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарының қолжетімділігі туралы ақпарат алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, қоғамдық бақылаудың тиімді тетігі болып саналады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Мұратбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда еліміз бойынша картаға 42 983 нысан енгізілген. Оның 9 212-сі Алматы қаласында орналасқан, бұл республика бойынша тіркелген нысандардың бестен бір бөлігінен асады.

Алматыдағы 6 210 нысан мүгедектігі бар азаматтар мен жүріп-тұруы шектеулі адамдар үшін толық қолжетімді деп белгіленген. Биылдың өзінде қалада 1 147 нысан бейімделіп, қолжетімді етілген, бұл бағыттағы жұмыс жалғасын тапқан.

Спикердің айтуынша, бұл нәтижелерге жергілікті атқарушы органдардың, нысан иелерінің, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың бірлескен жұмысы арқылы қол жеткізілген.

«Инвагов» интерактивті картасы пайдаланушыларға қолжетімді нысандарды табуға, олардың бейімделу деңгейі туралы ақпарат алуға, ескертпелер мен ұсыныстар қалдыруға және қалалық ортаны қоғамдық бақылауға қатысуға мүмкіндік береді.

«Осылайша, мүгедектігі бар әрбір азамат қалалық ортаның жағдайын бақылауға белсенді түрде қатыса алады», – деді Мұрат Мұратбеков.

Цифрлық құралдарды енгізу нысандарды бейімдеу жұмысының ашықтығын арттырып, бар кедергілерді жедел анықтауға көмектеседі. Бұл жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін қаланы неғұрлым ыңғайлы әрі қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді