Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада кедергісіз орта қалыптастыру жұмыстары жалғасуда

Елордада кедергісіз орта қалыптастыру жұмыстары жалғасуда
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада мүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстары күшейтілді. Жыл басынан бері жүргізілген бақылау барысында пандус, тактильді белгілер мен арнайы бейімдеу талаптарының орындалмауына байланысты айыппұлдар салынып, нысандардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған шаралар қолға алынды. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы Асқар Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Спикердің айтуынша, азаматтардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасына ерекше назар аударылады.

«2026 жылдың төрт айының қорытындысы бойынша департамент Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі талаптарының сақталуына қатысты 17 тексеру жүргізді. Оның ішінде 1 профилактикалық тексеру, 8 жоспардан тыс тексеру және прокуратура органдарымен бірлесіп өткізілген 8 тексеру өткен», – дейді Асқар Аймағамбетов.

Қабылданған шаралар мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге және әлеуметтік инфрақұрылым нысандары иелерінің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.Кедергісіз орта қалыптастыру жұмыстары «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында жүргізілуде. Бекітілген жоспарға сәйкес, 2026 жылдың соңына дейін «INVA.gov.kz» порталының қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілген әлеуметтік маңызы бар нысандардың бейімделу деңгейі жалпы нысандар санының 80%-ын құрауы тиіс. Қазіргі таңда жүйеге Астана қаласының әлеуметтік инфрақұрылымының 2143 нысаны енгізілген. Оның ішінде 1435 нысан бейімделген, бұл 67%-ды құрайды. Жыл соңына дейін 1714 нысанды бейімдеу қажет.

2026 жылғы шілдеден бастап нысандардың қолжетімділігін растау өкілеттігі Еңбек министрлігіне өтеді 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінің 135-бабының нормасы күшіне енеді. Жаңа нормаларға сәйкес, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік талаптарына сәйкестігін растау функциясы жергілікті атқарушы органдарынан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беріледі.Аталған функцияны іске асыру Астана қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті жүктеледі.

Қалалық ортаның қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтаумен және инклюзивті қоғам қалыптастырумен тікелей байланысты.

Мүгедектігі бар адамдардың кедергісіз қозғалуына және қызметтерді алуына жағдай жасау тек заңнама талабы ғана емес, сонымен қатар қоғамның әлеуметтік жауапкершілігі мен қалалық инфрақұрылым сапасының маңызды көрсеткіші.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді