Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 600-ден астам объект бейімделген

Абай облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 600-ден астам объект бейімделген
Фото: gov.kz

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Абай облысында 680 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.

«Amanat» партиясының жол картасында 2023-2027 жылдар аралығында интерактивті қолжетімділік картасына енгізілген 40 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыс көзделген. Жыл сайын осындай объектілердің 20%-ы бейімделуі тиіс. Осылайша, 2023 жылы – картадағы объектілердің 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100%-ы бейімделеді.  Қазіргі уақытта ел бойынша 22 777 нысан толықтай бейімделген.

2025 жылдың соңына дейін Абай облысы бойынша 886 нысанды бейімдеу жоспарланған, қазіргі уақытта 680 нысанда бейімдеу жұмыстары жүргізілді.

Мәселен, өңірдегі 680 нысан мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қолжетімді. Олардың ішінде:

- денсаулық сақтау объектілері – 111;

- білім беру объектілері – 241;

- мәдениет нысандары – 50;

- сауда және қызмет көрсету объектілері – 77;

- мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 122;

- спорт нысандары – 7;

- көлік инфрақұрылымының объектілері – 8;

- әлеуметтік қорғау объектілері – 9;

- басқалары – 55.

«Облыстық маңызы бар мәртебеге ие болған Семей қаласының инфрақұрылым объектілері жыл сайын мүгедектігі бар адамдардың ыңғайлылығына көбірек бейімделуде.

Сонымен бірге жедел медициналық жәрдем ауруханасының ғимаратындағы барлық есіктер мүгедектігі бар жандарға арналға арбалар мен оларға еріп жүрушілерге де ыңғайлы жабдықталған, сондай-ақ тактильді жолақтар орнатылып, дәрігерлер кабинеттерінің есігі тұсында нашар көретіндер үшін мәтіні Брайль шрифтісімен терілген тақтайшалар ілінген. Мүгедектігі бар адамдардың көлік құралдары үшін ыңғайлы тұрақтар да қарастырылған.

Облыстық абилитация және оңалту орталығында халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін барлық жағдайлар жасалған, оңалту қызметтерінің барлық түрлері көрсетіледі, өте сыпайы және әдепті персоналдар қызмет көрсетеді.

Абай Құнанбаев атындағы жергілікті әуежай, теміржол вокзалы, «Қазына» СОО, «Арена» мәдени-спорт кешені, «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мемориалдық кешені, «Отбасы Банк» АҚ филиалы, Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әкімшілік ғимараты да бейімделген және мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді», – деп бөлісті өз ойымен бірінші топтағы мүгедектігі бар азамат Нұрғали Жақыпов.

Бұдан өзге 2024 жылы мемлекеттік бақылау шеңберінде Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, жеке кәсіпкерлік, сауда және т. б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 60 тексеру жүргізді, оның ішінде: 35 – профилактикалық бақылау шеңберінде, 25 – жоспардан тыс тексерулер болды.

Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 59 ұйғарым берілді, 5,3 млн теңгеден астам сомаға 18 әкімшілік айыппұл салынды.

Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай, оларды жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты