Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда автомобиль жолдарын жөндеудің жаңа тәсілдері енгізілді

Қазақстанда автомобиль жолдарын жөндеудің жаңа тәсілдері енгізілді
Фото: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

Қазақстанда автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізілді, бұл өзгерістер бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға және заманауи жол технологияларын енгізуге бағытталған.

Өзгерістер суық ресайклирлеу технологиясын кеңінен қолдануды, сондай-ақ қозғалыс қарқындылығы төмен жолдарда балама жол конструкцияларын пайдалануды қарастырады.

Бүгінде жергілікті жол желісінің едәуір бөлігі шағын елді мекендерге қызмет көрсетеді, мұндағы қозғалыс қарқындылығы тәулігіне 200 автомобильден аз. Мұндай жүктемелерде қымбат тұратын асфальтбетон жабынын орнату көбіне экономикалық тұрғыдан негізсіз болып табылады. Салыстыру үшін, асфальтбетон жабынын жасау құны өтпелі типтегі жабынның құнынан 1,5–3 есеге артық болуы мүмкін, ал жекелеген ауылдық жолдардағы нақты көлік жүктемесі күрделі конструкцияларды қолдануды талап етпейді.

Осыған байланысты жаңа нормалар жолдың техникалық санатын өзгертпей, қиыршықтас, шағылтас жабындарын, топырақ стабилизаторларының технологияларын және жол жабының өзге де баламалы конструкцияларын қолдану мүмкіндігін көздейді.

Сонымен қатар, суық ресайклирлеу технологиясын қолдану мүмкіндіктері кеңейтілді. Егер бұрын алынған материал жол киімінің негізін жасау үшін ғана пайдаланылса, енді оны жөндеу жұмыстарының кең ауқымында пайдалану мүмкіндігі нормативтік түрде бекітілді.

Суық ресайклирлеу қолданыстағы жол жабынының материалдарын 100% дейін қайта пайдалануға, жаңа инертті материалдар мен битум тұтынуды азайтуға, сондай-ақ жобалау шешімдеріне байланысты жөндеу жұмыстарының құнын 20–40% төмендетуге мүмкіндік береді.

Жаңалық ретінде топырақ жолдарды қиыршықтас және шағылтас жабындарына ауыстыруды, сондай-ақ стабилизаторларды қолдана отырып, жақсартылған топырақтарды пайдаланудың нормативтік мүмкіндігі жасалғанын айтуға болады. Бұл бюджет қаражатын ұтымды пайдалана отырып, ауылдық елді мекендердің жыл бойы көлік қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді