Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Айбын-2026» жиынындағы жас патриоттар жарысы қыза түсті

«Айбын-2026» жиынындағы жас патриоттар жарысы қыза түсті
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледжінің «Амандық» полигонында өтіп жатқан XII Халықаралық «Айбын-2026» әскери-патриоттық жастар жиыны аясындағы жарыстар қыза түсті.

Ұлдар арасында турникте тартылу, қыздар арасында денені шалқасынан жатып көтеру сайыстары, сондай-ақ Smart Sarbaz байқауы мен «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны аяқталды.

Жарыстың ең әсерлі әрі күрделі кезеңдерінің бірі – әскери кросс болды. Әр командадан төрт қатысушы бір шақырымдық қашықтықты еңсерді. Сонымен қатар олар граната лақтырып, үш оқпен 10 метр қашықтықтан нысананы көздеді.

Бұл әскери-қолданбалы сайыста Өзбекстанның «Ватан таянчи» әскери-патриоттық қозғалысының өкілдері ерекше көзге түсті. Егіз ағайындылар Хасан мен Хусан Хожимуратовтар сыртқы ұқсастықтарын ғана емес, жеңіске деген ортақ жігерлерін де көрсетті. Мәре сызығына дейін бір-біріне қолдау көрсетіп, ұйымшылдық пен қайсарлықтың үлгісін танытты.

– Біз жарыстың ерекше достық атмосферасын атап өткіміз келеді. Мұнда әртүрлі елден келген қатысушылар арасында өзара құрмет пен шынайы бауырластық орнаған. Барлық кезеңдер жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бұл жиынға қатысу өз күшімізді сынап қана қоймай, жаңа білім, дағды және болашақта қажет болатын құнды халықаралық тәжірибе жинауға мүмкіндік береді, – деді ағайындылар.

Жарыстың әр кезеңінде өз көшбасшылары мен рекорд иелері болды. Мәселен, автоматты жартылай бөлшектеу және жинақтау жаттығуында Алматы қаласындағы Қазақстан Қарулы күштерінің «Жас десантшы» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Әлихан Хамит нормативті небәрі 8 секундта орындады.

– Клубтағы сабақтар маған тәртіпті, төзімділікті және командада жұмыс істеуді үйретті. «Айбын» жиынына үшінші жыл қатарынан қатысып отырмын. Бұл – менің сайыстағы соңғы сынағым. Алда өмірімнің жаңа кезеңі – мамандық таңдау тұр. Мен болашағымды заң саласымен байланыстыруды шештім. Азаматтардың құқықтарын қорғап, елімнің заңына қызмет еткім келеді. Жарыста бар күшімді салдым және жақсы нәтиже көрсеттім, – деді жас десантшы.

Бекітілген бағдарламаға сәйкес клубтар мен оқу орындарының тәрбиеленушілері пневматикалық мылтықтан ату шеберліктерін де көрсетті.

Айта кетейік, «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауы күн сайын түстен кейін қатысушылар санаттары бойынша өткізіледі.

Бүгін өңірлік әскери-патриоттық клубтар мен әскери мектептердің командалары өз өнерлерін көрсетті.

Ертең Қазақстанның күштік құрылымдарының өкілдері өз шеберліктерін паш етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді