Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі беделді робототехника чемпионатының жеңімпаздарын марапаттады

Женевада 167 елдің оқушылары қатысқан "First global challenge" жас робототехниктердің халықаралық жарысы өтті.

Бұл сайыста қазақстандық оқушылар 16 ойын матчын өткізіп, соның бәрінде жеңімпаз атанып, ұпай саны бойынша рекорд орнатты.

Республика күнінде Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында болды. Бұл мекемеде Alatau Creative Hub коворкинг-орталығының базасында Smart-sarbaz республикалық әскери-патриоттық орталығының үйірмесі жұмыс істейді. Әскери ведомство атынан ол талантты робототехниктерді жеңісімен құттықтап, оларға грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етті. 

- Ел басшылығы жастарды қолдау бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде мұндай жеңістердің маңыздылығын әрдайым атап көрсетеді. Олар ұлттың рухын көтереді. Сендердің жеңістерің бұған айқын дәлел, - деді министрдің орынбасары мектеп оқушылары алдында сөйлеген сөзінде.

Кездесу барысында Ustem Robotics робототехниканы дамыту қорының басшысы Асылбек Мырзахметов "Жас сарбаз" қозғалысының тәрбиеленушілеріне арналған Smart Sarbaz робототехниканы дамыту бағдарламасын таныстырды. Соның арқасында олар әскери инженерия, робототехника негіздерін біліп, жасанды интеллект құруда өз күштерін сынап көре алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді