Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қорғаныс министрінің орынбасары Қарағанды облысындағы әскери гарнизондардың инфрақұрылымын тексерді

Қорғаныс министрінің орынбасары Қарағанды облысындағы әскери гарнизондардың инфрақұрылымын тексерді
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-майор Алмаз Джумакеев Қарағанды, Балқаш және Приозерск гарнизондарына жұмыс сапарымен барып, әскери қызметшілердің қызмет өткеру жағдайымен және әскери инфрақұрылым нысандарының жай-күйімен танысты.

Жұмыс сапары барысында генерал-майор Алмаз Джумакеев «Астана» өңірлік қолбасшылығында, Қарағанды, және Приозерск гарнизондарына қарасты әскери бөлімдерде, авиациялық базада, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында, сондай-ақ әскери лазаретте болды. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету, әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру, медициналық қызмет көрсету және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қорғаныс министрінің орынбасары мерзімді әскери қызметшілердің киім-кешек мүлкімен қамтамасыз етілуін тексеріп, жеке құрамның тұрмыс жағдайымен, медициналық бөлімшелер мен тылдық қамтамасыз ету нысандарының жұмысымен танысты. Сонымен қатар екі гарнизондағы әскери техника, қару-жарақ және әскери инфрақұрылым нысандарының жай-күйіне инспекция жүргізілді.

Әскери қызметшілермен және бөлім командирлерімен кездесулер барысында Алмаз Джумакеев қызметті ұйымдастыруға қатысты өзекті мәселелер мен шешуді қажет ететін кемшіліктер жөніндегі баяндамаларды тыңдады. Көтерілген әрбір мәселе бойынша оларды жоюға бағытталған нақты шаралар айқындалды.

– Қолбасшылықтың басты міндеті – әскери қызметшілерге лайықты қызмет жағдайын жасау, сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру, уақтылы медициналық көмек көрсетуді және сенімді материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жолға қою. Бұл бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігі мен қойылған міндеттердің тиімді орындалуына тікелей әсер етеді, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша генерал-майор Алмаз Джумакеев әскерлерді тылдық қамтамасыз ету жүйесін одан әрі жетілдіруге, әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға және әскери бөлімдердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді