Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына мемлекеттік наградалар табыс етілді

Жауынгерлік және қызметтік борышын орындауда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ел Президенті Жамбыл облысында қаза тапқан әскери қызметшілер мен құтқарушыларды марапаттады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының штабында 28349 әскери бөлімі офицерлері – майор Саят Жанатұлы Әлімбеков пен капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиевтің туыстарына І дәрежелі «Айбын» ордендері табыс етілді.

Бұл марапаттарды Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев пен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек табыс етті.

28349 әскери бөлімі командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары майор Саят Әлімбеков Құрлық әскерлері Әскери институтының түлегі болатын. Әскери қызмет жылдары инженерлік взвод командирі лауазымдарын атқарып, инженерлік қызметті басқарған. Салмақты, қарапайым, мейірімді және бауырмашыл қасиеттерімен ерекшеленген офицер өз ісін жақсы көрді. Өз ісінің маманы ретінде ұжым оны құрметтеп, бағалады. Жұбайы Жанна екеуі екі қыз, бір ұл тәрбиелеп өсіріп отырған отбасы еді.

Аталған бөлімнің инженерлік оқ-дәрілерді сақтау бөлімшесінің бастығы капитан Ерлан Қырғызәлиев М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған. Ол жоғары оқу орнының әскери кафедрасында жауынгерлік даярлықтан өткен. Ерлан әріптестерінің есінде ақжарқын және мейірімді қалпында қалды. Тәртіпті офицер бағынысты жеке құрамнан да осыны талап ете білді. Әйелі Назгүл екеуі төрт бала тәрбиелеп отырған жанұя болатын.

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев офицер ел әскерінің тарихында және әріптестерінің жадында жалынды ауыздықтаумен соңына дейін күресіп, оның таралуына жол бермеуге бар күшін салған батырлар ретінде мәңгі сақталатынын атап өтті. Олардың әскери іске деген адалдығы нағыз Отан қорғаушыларға тән батылдық пен ерліктің үлгісі.

Ол әскери қызметшілер марқұмдардың отбасыларымен байланысты жалғастырып, жан-жақты қолдау көрсететінін, ал балаларына өз қалауымен еліміздің әскери оқу орындарына түсуге жәрдем берілетінін туыстарына жеткізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алды
90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан "Алтын Орда" халықаралық турнирі өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшілері соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады