Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: Елімізде көші-қон заңнамасын бұзудың 13 мыңнан астам фактісі әшкереленді

ІІМ: Елімізде көші-қон заңнамасын бұзудың 13 мыңнан астам фактісі әшкереленді
Фото: polisia.kz

Елімізде "Заңсыз келуші" іс-шарасы барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 13 мыңнан астам дерегі анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзу фактілерінің жолын кесу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және шетел азаматтарының ел аумағында болу қағидаларының сақталуын бақылау мақсатында 8-12 маусым аралығында "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында жеке және заңды тұлғалармен шетел азаматтарының Қазақстан аумағында болу тәртібін сақтау мәселелері бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ шетелдіктерге тұрғын үй бергені және тиісті рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді. Бұдан бөлек, шетел азаматтарының тұрғылықты жерлері, құрылыс нысандары, базарлар, ұйымдар мен шетелдіктердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілер тексерілді.

ЖПІШ қорытындысы бойынша көші-қон заңнамасын бұзуға байланысты 13 035 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде: – болу қағидаларын бұзғаны үшін 9 359 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды; – еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін 3 828 шетел азаматы жауапқа тартылды; – шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 882 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды; – өздерінде тұрып жатқан шетелдіктер туралы полиция органдарын уақытылы хабардар етпегені үшін 2 794 жеке және заңды тұлға жауапқа тартылды. Соттардың шешімімен көші-қон заңнамасын бұзған 1 559 адам ел аумағынан шығарылды. 1 836 шетел азаматының Қазақстан аумағында болу мерзімі қысқартылды. 122 шетел азаматы мәжбүрлі түрде елден шығарылды. Олардың барлығына Қазақстанға бес жыл мерзімге кіруге тыйым салынды. Сондай-ақ елге заңсыз кірген 14 шетел азаматы анықталды.

Аталған фактілер бойынша шекара қызметімен бірлесіп тергеу жүргізіліп жатыр. Халықаралық іздеуде жүрген және өз мемлекеттерінің әділ сот органдарынан жасырынған 21 шетел азаматы ұсталды. Анықталған құқық бұзушылықтарды талдау нәтижесі көрсеткендей, көптеген жағдайда көші-қон заңнамасының бұзылуына заңсыз әрі тез табыс табуды көздеген Қазақстан азаматтарының өздері себеп болып отыр. Мәселен, Атырау облысында шетел азаматтарын Қазақстаннан көрші мемлекетке заңсыз өткізуді ұйымдастырған Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды. Осыған ұқсас фактілер Жамбыл және Павлодар облыстарында да анықталды.

Мысалы, Ақтөбе облысындағы құрылыс нысандарының бірінде еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған 60-қа жуық шетел азаматы анықталды. Осындай дерек Астанада да тіркелді. Мұнда жұмыс беруші Африка мемлекеттерінің алты азаматының еңбегін заңсыз пайдаланған. Сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында, Қарағанды, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылыс нысандарына шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа тарту фактілері анықталды. Барлық құқық бұзушы мен олардың жұмыс берушілері заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, бір жыл ішінде шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын екі және одан да көп рет бұзған бес жұмыс берушіге қатысты тергеу басталды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес оларға қылмыстық жауапкершілік көзделген. Мұндай фактілер Жамбыл, Қарағанды және Атырау облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында анықталды. Көші-қон заңнамасын бұзудың алдын алу және анықтау бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды