Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген екі шетелдік анықталды

Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген екі шетелдік анықталды
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген екі шетелдік анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру шеңберінде 13-17 қазан аралығында Түркістан облысының аумағында "Заңсыз келуші" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның мақсаты - шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету және көші-қон заңнамасын бұзудың жолын кесу. Полиция қызметкерлері іс-шараның үш тәулігінде көші-қон заңнамасын бұзудың 627 дерегін анықтады. Барлық факті бойынша құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында болу мерзімдерін бұзудың 468 фактісі, қабылдаушы тараптың шетелдік азаматтардың болу ережелерін сақтамауының 117 фактісі және шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартудың 42 дерегі анықталды.

Сот шешімімен 356 шетелдік елден шығарылды, 158 шетелдіктің Қазақстанда болу мерзімі қысқартылды. Сонымен қатар халықаралық іздеуде жүрген 2 шетелдік азамат анықталды. Полицейлер шетелдік азаматтардың болу мерзімін уақтылы рәсімдеу және ұзарту әрбір қабылдаушы тараптың жауапкершілігі екенін ескертеді. Сондықтан азаматтар мен жұмыс берушілерді көші-қон заңнамасын қатаң сақтауға және тиісті құжаттарды уақтылы рәсімдеуге шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады