Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жүргізушіден гашиш тәркіленді

Астанада жүргізушіден гашиш тәркіленді
Фото: polisia.kz

Елордада Бакс қызметтік иті қалаға кіреберістегі бақылау бекеттерінің бірінде тыйым салынған заттарды тасымалдау дерегін анықтауға және оның жолын кесуге көмектесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күн сайын төрт аяқты көмекшілер кинологтармен бірге тергеу-жедел топтарының құрамында қызмет атқарады, жедел-профилактикалық іс-шараларға қатысады. Көлік құралдарын тексеру мақсатында бекеттерде кезекшілік етеді. Қызмет барысында Бакс бір автокөлікке белгі берді. Тексеру кезінде көліктің алдыңғы жолаушы орындығынан өзіне тән иісі бар сұр түсті зат салынған бөтелке табылды. Анықталғандай, бұл зат гашиш болған.

Тыйым салынған заттың 40 жастағы иесі ұсталды. Табылған зат тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жыл басынан бері елордалық полицейлер қызметтік иттердің көмегімен тыйым салынған заттарды сақтау және тасымалдаудың 32 дерегін анықтады. Астанада есірткі қылмыстарының алдын алу және жолын кесу бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Полиция азаматтарға есірткі құралдарын заңсыз сақтау, тасымалдау және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды