Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада екі пәтерден есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Астанада екі пәтерден есірткінің ірі партиясы тәркіленді
Фото: polisia.kz

Елордада тыйым салынған заттарды таратумен айналысқан күдіктінің заңсыз әрекетінің жолы кесілді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі заттарын сақтау және таратуға күдікті ретінде 35 жастағы қала тұрғыны анықталды. Күдіктіні тұрғылықты мекенжайы бойынша ұстау кезінде полицейлер өзіне тән иісі бар жасыл түсті зат салынған орамаларды тапты. Аталған зат марихуана екені анықталды. Кейіннен ер адамның тағы бір пәтерді жалға алып, онда да тыйым салынған заттарды сақтағаны белгілі болды. Аталған пәтердің балконынан ақ түсті ұнтақ тәрізді, өзіне тән иісі бар зат салынған 10 полиэтилен орама табылды.

Сараптама қорытындысы бойынша оның жалпы салмағы 100 гр мефедрон екені анықталды. Сонымен қатар есірткі қалдықтары бар контейнерлер, zip-пакеттер, электронды таразылар және түрлі түсті изоленталар тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық заттай айғақтар тәркіленді. Медициналық куәландыру нәтижесінде күдіктінің есірткі заттарын қолданғаны да анықталды. Ол қамауға алынды. Полиция тыйым салынған заттарды сақтау және таратқаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салып, мұндай фактілер туралы ақпарат болған жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласуға шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді