Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада полиция есірткі қылмысына қатысы бар күдіктіні құрықтады

Астанада полиция есірткі қылмысына қатысы бар күдіктіні құрықтады
Фото: polisia.kz

Елордада полиция қызметкерлері есірткі заттарын таратты деген күдікпен 18 жастағы тұрғынды ұстады, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тінту барысында оның тұрғылықты жерінен тыйым салынған заттардың үлкен қоры табылды. Асүйдегі шкафтардың ішінен электронды таразылар мен есірткіні қаптауға арналған құралдар анықталған. Сонымен қатар балмұздақ шәрбатының бос бөтелкесінен өзіне тән иісі бар сары түсті сұйық зат табылды.

Сараптама оның каннабис шайыры екенін көрсетті. Бұдан бөлек, сары түсті сұйық зат құйылған екі ыдыс тәркіленді, олардың ішінде гашиш майы болған. Сондай-ақ түрлі түсті изолентамен оралған түйіншектері бар пластик ыдыс табылды. Оның ішіндегі өсімдік тектес заттың ерекше иісі болған. Жалпы саны шамамен 500 түйіншек гашиш тәркіленді. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы бір келіден асты. Барлық тыйым салынған заттар алынды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция есірткінің заңсыз айналымы қоғамға үлкен қауіп төндіретінін және қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Азаматтарды есірткі тарату фактілері туралы “102” арнасы арқылы полицияға хабарлауға шақырады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді