Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түрксіб ауданында кәсіпкерлермен экология мәселесі талқыланды

Түрксіб ауданында кәсіпкерлермен экология мәселесі талқыланды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматының Түрксіб ауданы әкімдігінде қоғамдық тамақтану орындары, өндірістік базалар және өзге де ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті. Жиында атмосфералық ауаны қорғау және қолданыстағы экологиялық талаптарды сақтау мәселесі қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы мен «Eco Almaty» ЖШС өкілдері қатысты.

Кәсіпкерлерге атмосфералық ауаны қорғау қағидалары мен қоршаған ортаға келетін кері әсерді азайту шаралары түсіндірілді. Сондай-ақ экологиялық талаптарды кәсіпкерлік қызмет барысында қолдану тетіктері талқыланды.

Алматыда ауа сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Оның аясында жеке тұрғын үй секторын газдандыру, энергетикалық нысандарды жаңғырту және экологиялық таза қоғамдық көлікті дамыту шаралары жүзеге асырылуда.

Есептеулерге сәйкес, Алматы агломерациясындағы шығарындылар көлемі жылына 225 мың тоннаға жетеді. Оның басым бөлігі Алматы қаласының үлесіне тиесілі. Ауа ластануының негізгі көзі – автокөлік, оның үлесі шамамен 60 пайыз болады.

Кездесу барысында Түрксіб ауданында әлі де газдандырылмаған 108 тұрғын үй бар екені айтылды. Жалпы қала бойынша жеке секторды газдандыру деңгейі 99,4 пайызға жеткен.

Сонымен қатар қалада қоғамдық көлік паркін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Дизельді автобустарды сатып алу тоқтатылып, ірі энергетикалық көздерді экологиялық таза отын түрлеріне көшіру жалғасуда.

Мұндай кездесулер мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды нығайтып, қаладағы экологиялық жағдайды бірлесіп жақсартуға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
1 комментарий
References: Legiano Casino Login Deutschland eda.europa.eu
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді