Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматының Жетісу ауданы әкімдігінде атмосфералық ауаны қорғауға қатысты жаңа талаптар түсіндірілді

Алматының Жетісу ауданы әкімдігінде атмосфералық ауаны қорғауға қатысты жаңа талаптар түсіндірілді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматының Жетісу ауданы әкімдігінде атмосфералық ауаны қорғауға қатысты жаңа талаптар түсіндірілді. Кездесуге Жетісу ауданының әкімі Ләззат Жылқыбаева, мемлекеттік органдардың өкілдері, қала әкімдігі басқармаларының мамандары, аудан кәсіпкерлері және табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында атмосфералық ауаны қорғауға қатысты жаңа экологиялық талаптарды іс жүзінде түсіндіру және оларды кезең-кезеңімен енгізу тетіктеріне ерекше назар аударылды. Кәсіпкерлер толғандырған сұрақтарын қойып, ықтимал тәуекелдерді талқылады.

Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы Серік Әділбаев кездесудің тек түсіндіру сипатында өткенін атап өтті.

«Біздің міндетіміз – жаңа экологиялық талаптардың мәнін жеткізу, олардың не үшін енгізіліп жатқанын түсіндіру және бизнеске тәуекелсіз мен айыппұлсыз жұмыс істеу жолдарын көрсету. Бұл қысым көрсету емес, шығарындылар саласында кезең-кезеңімен тәртіп орнату мәселесі», – деді ол.

Еске салсақ, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 206-бабын іске асыру аясында Алматы қаласының әкімдігі атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын әзірлеген болатын. Аталған құжат 2025 жылы 30 желтоқсанда қала мәслихатында бекітілді.

Құжат төрт негізгі бағытты қамтиды: автокөліктерді пайдалану тәртібін реттеу, III санаттағы нысандарға қойылатын экологиялық талаптар, шығарындылар деңгейі төмен аймақты ұйымдастыру, сондай-ақ қолайсыз метеорологиялық жағдайда мониторинг жүргізу, цифрландыру және жедел әрекет ету шаралары.

Жетісу ауданында жүргізілген мониторинг нәтижесінде 213 қоғамдық тамақтану орны, коммерциялық монша мен техникалық қызмет көрсету бекеттері, сондай-ақ 76 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейтіні анықталды. Оның ішінде 51 нысан III санатқа жатады және жиынтығында атмосфералық ауаға елеулі жүктеме түсіреді.

«Осы жылдан бастап экологиялық талаптардың сақталуына тұрақты мониторинг жүргізу көзделген. Қазірдің өзінде пайдаланылып жатқан отын мен жабдықты бағалап, экологиялық тұрғыдан тиімді шешімдерге көшуді жоспарлау маңызды. Біз бизнестің жауапты әрі саналы ұстанымына сенім артамыз», – деп сөзін түйіндеді Серік Әділбаев.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті