Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда экологиялық талаптардың сақталуын бақылайтын оператор анықталды

Алматыда экологиялық талаптардың сақталуын бақылайтын оператор анықталды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматының атмосфералық ауаны қорғау қағидаларына сәйкес арнайы экологиялық талаптардың орындалуын «Eco Almaty» ЖШС бақылайды. Бұл туралы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Eco Almaty» ЖШС — 100% мемлекеттік қатысуы бар ұйым. Ол экологиялық нормалардың бұзылуын анықтау барысында уәкілетті мемлекеттік органдарға – Экология департаментіне, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне және Полиция департаментіне жәрдем көрсетеді.

Бақылау келесі бағыттарды қамтиды: жеке және қоғамдық көлікті, коммерциялық қызмет көліктерін және коммуналдық техниканы қоса алғанда, жылжымалы шығарындылар көздері; стационарлық шығарындылар көздері; қалдықтарды полигондарда жағу, өздігінен тұтану, пиротехникалық бұйымдарды қолдану сияқты ұйымдастырылмаған стационарлық шығарындылар.

Бұзушылықтарды анықтау үшін стационарлық және жылжымалы экологиялық бекеттер пайдаланылады. Қалада барлығы 19 стационарлық және 4 жылжымалы бекет жұмыс істейді.

Сонымен қатар көлік құралдарының шығарындыларындағы ластаушы заттардың шоғырлануын өлшейтін спектрометрлер, ал стационарлық шығарындылар көздерін бақылауға ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылуы мүмкін.

Басқарма мәліметінше, мұндай тәсіл қаладағы ауа сапасын тиімді бақылауға және экологиялық талаптардың бұзылуына жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Алматыың Экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, мұндай тәсіл қаладағы ауа сапасын тиімді бақылауға және экологиялық талаптардың бұзылған жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті