Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда қоғамдық тамақтану саласының кәсіпкерлеріне экологиялық талаптар түсіндірілді

Алматыда қоғамдық тамақтану саласының кәсіпкерлеріне экологиялық талаптар түсіндірілді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыдағы «Атамекен» ҰКП алаңында қоғамдық тамақтану саласының кәсіпкерлерімен кеңес өтті. Кездесуді «Eco Almaty» ЖШС мен «Атамекен» ҰКП бірлесіп ұйымдастырды. Жиын қаладағы экологиялық талаптарды және оларды тәжірибеде енгізу мәселелерін талқылауға арналды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әсіресе, бизнес өкілдерімен ашық диалогқа назар аударылды. Дәмхана мен мейрамхана өкілдеріне атмосфералық ауаны қорғауға қатысты қолданыстағы талаптар түсіндіріліп, кәсіпкерлердің оларға қалай бейімделе алатыны айтылды. Атап айтқанда, экологиялық таза отын түрлеріне көшу және зиянды шығарындыларды тазарту жүйелерін орнату мәселелері көтерілді.

Кәсіпкерлер өз кезегінде талаптарды енгізу барысында туындайтын сұрақтар мен қиындықтарын ортаға салды. Кездесу барысында нақты жағдайлар мен оларды шешу жолдары талқыланды.

«Eco Almaty» ЖШС өкілдері бизнеспен жұмыс тұрақты диалог негізінде жүргізілетінін атап өтті. Экологиялық нормаларды сақтау ғана емес, кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін ескере отырып, ортақ шешімдер табу маңызды екені айтылды.

«Біздің міндетіміз – экологиялық талаптардың сақталуын бақылап қана қоймай, кәсіпкерлерге жаңа ережелерге бейімделуге көмектесу. Біз бизнес өкілдерін тыңдауға, туындаған түйткілдержі талқылауға және бірлесіп шешім іздеуге дайынбыз», — деді «Eco Almaty» ЖШС бас директоры Марат Сембеков.

Еске салсақ, атмосфералық ауаны қорғау ережелері Алматыдағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. Құжатта газ тартылған аудандарда қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салу, стационарлық ластаушы көздерге міндетті түрде шығарындыларды тазарту жүйелерін орнату және ауаның ластануын азайтуға бағытталған өзге де шаралар қарастырылған.

2025 жылы 27 қарашадан бастап «Eco Almaty» ЖШС шағын және орта бизнес субъектілері арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Бүгінде 2100-ден астам ШОБ нысаны тексерілген. Олардың қатарында техникалық қызмет көрсету станциялары, қоғамдық тамақтану орындары және монша кешендері бар. Тексеру барысында қатты отын пайдаланатын 760 нысан анықталып, шамамен 110 кәсіпорын шығарындыларды тазарту жүйелерін орнатқан.

Кәсіпкерлермен өзара іс-қимыл және экологиялық стандарттарды енгізу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды