Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Экологиялық бақылау іске қосылды: Алматыда автокөлікті тексеру күшейтілді

Экологиялық бақылау іске қосылды: Алматыда автокөлікті тексеру күшейтілді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда жылжымалы экологиялық зертханаларды пайдалана отырып, автомобильдерді тексеру бойынша рейдтер жалғасып келеді. Бұл туралы Экология басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұндай тексерісті Алматы қаласы әкімдігі бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес тұрақты экологиялық мониторинг аясында “Eco Almaty” ЖШС жол полициясы қызметкерлерімен бірге жүргізеді. Олар ауаның ластануын азайтуға, пайдаланылған газдардың улылығын бағалауға, көліктер арасындағы экологиялық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған.

Мәселен, 2025 жылы 4-10 қазан аралығында мамандар 224 көлікті тексерді. Оның 138-і бензинмен немесе газбен жүрсе, 23-інің зиянды заттардың рұқсат етілген мөлшерінен асып кеткені, 64 дизельді көліктердің жартысына жуығы (26) уыттылық пен түтін шығару нормаларынан асып кеткен.

Тұрақты тексерулер ластану көздерін уақытылы анықтауға және оларды жою бойынша шаралар қабылдауға көмектеседі. Бұл қаладағы ауа сапасын жақсартуға ықпал етеді, деп атап өтті Алматының экология басқармасы.

Еске салсақ, Алматыда «Атмосфералық ауаны қорғау саласында арнайы экологиялық талаптарды енгізу туралы» атмосфералық ауаны қорғау қағидаларының жобасы әзірленген болатын. Ереженің негізгі мақсаты – мегаполис атмосферасының ластану деңгейін жүйелі түрде төмендету. Экология басқармасының деректеріне сәйкес, қаладағы барлық шығарындының 60%-ы автокөліктен, қалғаны жеке тұрғын үй секторына және стационарлық ластану көздерінен (өндіріс орындары, моншалар, қоғамдық тамақтану, құрылыс нысандары) шығады.

Ережені жүзеге асыру экологиялық жағдайды жақсартуға, әсіресе қысқы кезеңде алматылықтардың өмір сүруіне жайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті