Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Digital Archive EXPO архившілерінің халықаралық конгресі өтіп жатыр

Астанада Digital Archive EXPO архившілерінің халықаралық конгресі өтіп жатыр
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада III халықаралық архившілер конгресі аясында ұйымдастырылған Digital Archive EXPO көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрмеде Қазақстан Республикасы Президентінің архиві архив ісінің тиімділігін арттыруға және құжаттық мұраға қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған цифрлық әзірлемелерін таныстырды.

Ең маңызды жобалардың бірі – архив қоймаларын басқаруға арналған интеллектуалды платформа AI Geotopography жүйесі. Бұл шешім архив қорларының цифрлық картасын жасап, істерді QR-код арқылы таңбалау негізінде олардың орналасу топографиясын қалыптастыруға және архив қоймаларының техникалық паспорттарын автоматты түрде әзірлеуге мүмкіндік береді. Жүйе нақты уақыт режимінде температураны, ылғалдылықты, қоймалардың толу деңгейін және өзге де көрсеткіштерді бақылап, құжаттарды сақтау жағдайындағы ауытқуларды анықтап, оларды жою жолдарын ұсынады.

Әзірлеушілердің айтуынша, бұл – Орталық Азиядағы архив саласына арналған баламасы жоқ бірегей шешім.Сондай-ақ көрмеде қазақ және орыс тілдеріндегі қолжазба және машинкамен терілген құжаттарды автоматты түрде тануға арналған AI Archival Recognition System жүйесі таныстырылды. Бұл жүйе құжаттардың деректемелері мен ақпараттық өрістерін анықтап, құрылымдалған деректер базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әзірлеушілердің мәліметінше, аталған технологияны енгізу құжаттарды өңдеу жылдамдығын 40 есеге арттырған.

Архив материалдарына қолжетімділікті кеңейту мақсатында AI Mura – Virtual Guide виртуалды гиді әзірленген. Жүйе пайдаланушылармен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде диалог жүргізіп, сұрақтарға тек архивтік деректер негізінде жауап береді.

Бұдан бөлек, көрмеде құжаттардың тарихи және ғылыми құндылығына сараптама жүргізуге арналған интеллектуалды көмекші QuralAI Assistant таныстырылды. Жүйе құжаттарды бастапқы талдауды және сараптамалық қорытындылар дайындауды автоматтандыруға көмектеседі. Дегенмен соңғы шешімді архив саласының маманы қабылдайды.

Ұсынылған барлық цифрлық шешім архив саласының нақты қажеттіліктері негізінде әзірленіп, кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Әзірлеушілердің сөзінше, жасанды интеллект архившіні алмастыру құралы емес, мамандардың жұмыс тиімділігін арттырып, күнделікті қайталанатын операцияларға кететін уақытты қысқартуға мүмкіндік беретін көмекші құрал ретінде қарастырылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді