Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Мемлекеттік архивінің 30 жылдығы атап өтілді

Астанада Мемлекеттік архивінің 30 жылдығы атап өтілді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада Мемлекеттік архивтің 30 жылдығына арналған «ASTANA ARCHIVE FEST-2025» халықаралық форумы өтті. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген архив мамандары мен тарихшылардан бөлек, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Татарстан елдерінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Форум аясында «Төрдегі төл тарих» атты фотоқұжаттық көрме, архив жинақтарының таныстырылымы және «Архив: Жаңа дәуір. Жаңа мүмкіндіктер» атты ашық диалог алаңы ұйымдастырылды.Шараның басты мақсаты – архив саласындағы заманауи тәжірибе алмасу, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және цифрландырудағы жаңа үрдістерді талқылау.Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен архивтің ел тарихындағы орны ерекше екенін атап өтті. Оның айтуынша, архив – тек өткеннің ғана емес, болашақтың да кепілі.

«Архив – бұл елдің тарихи жады, өткенін сақтап, болашағына жол сілтейтін құндылық. Ол тарихи деректерді сақтап қана қоймай, қоғам дамуына үлес қосатын маңызды институт», – деді ол.

Бүгінде елордалық архив қорында 1915 жылдан бері жинақталған тарихи мұралар сақталады. Қордың жалпы саны – 773, сақтау бірліктері – 411 255. Құжаттар қазақ (араб, латын, кирилл жазуымен), орыс, неміс және татар тілдерінде кездеседі. Сондай-ақ архивте 112 жеке тектік қор бар. Мұнда Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, мәдениет және өнер қайраткерлерінің, спортшылардың, журналистер мен жазушылардың және елорданың дамуына үлес қосқан тұлғалардың мұралары сақталған.Форумда жасанды интеллектті архив ісіне енгізу, құжаттарды цифрландыру, электронды жүйелердің тиімділігі мен шектеулері сияқты мәселелер талқыланды. Сарапшылардың айтуынша, архив саласы тек тарихи құндылықтарды сақтаумен шектелмей, жаңа технологияларды қолдану арқылы болашаққа бағыт алу керек.

«Жасанды интеллект дәуірінде архив ісін дамыту – заман талабы. Ол құжаттарды іздеуді жеңілдетіп, сақтау сапасын арттырады. Дегенмен қауіпсіздік мәселесі де басты назарда болуы тиіс», – деді форумға қатысқан мамандардың бірі.

Халықаралық жиын архив саласын жаңа деңгейге көтеріп, кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға серпін берді.Қатысушылардың пікірінше, мұндай басқосулар архив ісінің болашағын айқындауда шешуші рөл атқарады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті