Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада медицина саласын цифрландыру мәселесі талқыланды

Астанада медицина саласын цифрландыру мәселесі талқыланды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Кездесуде елорданың медициналық ұйымдарында енгізіліп жатқан жасанды интеллект технологияларын қолдануға бағытталған қолданыстағы және болашақ жобалар қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Отырыс медицина саласындағы цифрландырудың келешекті стартап-жобаларын талқылауға және тәжірибе алмасуға арналған алаңға айналды. Стартап иелері бірқатар инновациялық шешімді таныстырды. Олардың қатарында бастапқы қабылдауды автоматтандыратын ЖИ-боты бар телемедициналық платформа, медициналық бейнелерді талдау жүйесі, сондай-ақ сүт безі қатерлі ісігін диагностикалауда терең нейрондық желілерді қолдануға бағытталған жобалар бар. Бұдан бөлек, медициналық ақпараттық жүйемен интеграцияланған, қашықтан тексеру мен кеңес беруге мүмкіндік беретін мобильді диагностикалық кешен ұсынылды.Айта кетейік, өткен аптада елордада Digital Bridge 2025 халықаралық форумы өтіп, әлемдік цифрлық технологиялар саласындағы жетекші сарапшыларды жинаған болатын.Қала әкімінің орынбасары Ерік Мейірханның айтуынша, Астана әлемдік үрдістерден қалыс қалмай, цифрлық шешімдерді белсенді түрде енгізіп келеді.

«Біз стартаперлерге өзіміз қадам жасап, мәселелер туралы ашық сөйлесіп, тиімді технологиялық шешімдерді бірлесе іздеуге дайынбыз», – деді әкім орынбасары.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады