Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ бопсалаудың алдын алу мен профилактикалық шараларды күшейтуде

ІІМ бопсалаудың алдын алу мен профилактикалық шараларды күшейтуде
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі бопсалаудың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі профилактикалық жұмыстарын жалғастырып жатыр, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Уақытылы жүргізілген жедел-профилактикалық шаралардың нәтижесінде тіркелген бопсалау фактілерінің саны 15% төмендеді. Сонымен қатар аталған қылмыстардың ашылу көрсеткіші іс жүзінде жүз пайыз деңгейінде сақталып отыр. Мәселен, Абай облысында профилактикалық және жедел жұмыстардың нәтижесінде облыс орталығы тұрғындарынан ақша бопсалаумен айналысқан алты адамнан тұратын қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды.

Қабылданған шаралар олардың одан әрі заңсыз әрекеттер жасауына жол бермеді. Барлық күдікті ұсталды. Павлодар облысында студенттерден ақша бопсалады деген күдікпен екі адам дер кезінде қолға түсті. Полицияның жедел әрекеттері жәбірленушілерге жасалған қысымды тоқтатып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Алматы облысында әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырылған бопсалау схемасының жолы кесілді. Полиция қызметкерлерінің уақтылы араласуы қылмыстың әрі қарай жалғасуына жол бермеді. Іске қатысы бар барлық адамдар ұсталып, қамауға алынды. ІІМ бопсалаудың алдын алу, ескерту және дер кезінде жолын кесу ішкі істер органдары жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтеді. Полиция азаматтарды бопсалау және өзге де заңға қайшы әрекеттер фактілері туралы дереу хабарлауға шақырады. Уақытылы жүгіну қылмыстардың алдын алуға және азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға ықпал етеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді