Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көкшетауда полицейлер бопсалаушылар тобының қылмыстық әрекетін тоқтатты

Көкшетауда полицейлер бопсалаушылар тобының қылмыстық әрекетін тоқтатты
Фото: Polisia.kz

Көкшетауда бопсалау дерегі бойынша күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көкшетау қаласының полицейлері бопсалаумен айналысқан топтың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды. Құқық қорғау органдарына қалада жеке такси жүргізушісі хабарласып, белгісіз адамдардың жүйелі түрде ақша талап етіп, қорқытып жүргенін мәлімдеді. Жәбірленушінің айтуынша, күдіктілер күш қолдану және зәбір көрсету арқылы бірнеше рет ақша бопсалаған. Қылмыстық жағдай туралы хабарлама келіп түскен бойда жедел іздестіру шаралары қолға алынып, полиция қызметкерлері бірқатар жедел іс-шаралар жүргізді.

Нәтижесінде құқық бұзушылардың әрекеті бейнематериалдар арқылы дәлелденіп, жәбірленушіге ақша берген сәтте олар қылмыс үстінде қолға түсті. Күдіктілер – 29 және 24 жастағы үш жергілікті тұрғын болып шықты. Олардың екеуі бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция азаматтарды құқықбұзушылықтарға төзімсіз болуға, сондай-ақ қандай да бір бопсалау әрекеттері туралы дереу полицияға хабарлауға шақырады. Заң алдында әркім өз ісі үшін жауап береді.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді