Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлықтарын жасаған күдіктілер ұсталды

Алматыда пәтер ұрлықтарын жасаған күдіктілер ұсталды
Фото: polisia.kz

Алматыда пәтер ұрлықтарын жасаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласында қалалық криминалдық полиция қызметкерлері Алатау аудандық полиция басқармасымен бірлесіп, полицияның арнайы жасақ бөлімшелерінің қатысуымен пәтер ұрлықтарының бірқатарын жасады деген күдікке ілінген адамдар тобын ұстады. Аталған жедел іс-шаралар мүліктік қылмыстардың алдын алуға бағытталған жедел-профилактикалық жұмыстар аясында жүзеге асырылды. Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Едилхан Байғайраевтің айтуынша, аудан аумағында жасалған ұрлықтарды әшкерелеу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілген.

— Полиция қызметкерлері мен арнайы бөлімшелердің үйлесімді әрі жедел әрекетінің нәтижесінде күдіктілер дер кезінде ұсталып, ұрланған мүлік тәркіленді. Бұл заттарды заңды иелеріне қайтаруға мүмкіндік береді, — деді ол. 

Өз кезегінде Алматы қаласы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров бұл оқиға полиция тарапынан жүйелі түрде жүргізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін көрсететінін атап өтті. 

— Азаматтардың және олардың мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мұндай қылмыстарды анықтау мен жолын кесу жұмыстары жалғаса береді. Қазіргі уақытта ұсталғандардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, — деп қорытындылады ол.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті