Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әлем назарында: қалада инклюзивті білім берудің WIC 2025 Дүниежүзілік конгресі өтіп жатыр

Алматы әлем назарында: қалада инклюзивті білім берудің WIC 2025 Дүниежүзілік конгресі өтіп жатыр
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Алматыда 15-17 қазан аралығында өтетін Инклюзивті білім беру жөніндегі бірінші Дүниежүзілік конгресс — World Inclusion Congress (WIC 2025) басталды. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «HOPE» қоры (Help Others Pursue Education, Қазақстан) және International Forums of Inclusion Practitioners (IFIP, Ұлыбритания) бірігіп ұйымдастырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конгресс аясында әлемнің 40 елінен келген 1200-ден астам қатысушы, мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық және ғылыми ұйымдар, педагогтер мен сарапшылар, сондай-ақ инклюзивті білім беру саласындағы көшбасшылар бас қосты.
Қатысушылар арасында Азия, Африка, Еуропа, Солтүстік Америка және Австралия елдерінің делегаттары бар. 100-ден астам шетелдік және отандық сарапшы пленарлық және панельдік сессияларда баяндама жасайды.

Конгрестің құрметті қонақтары қатарында IFIP ұйымының негізін қалаушы, инклюзивті білім беру саласындағы сарапшы Даниэль Собель, Ноттингем университетінің проректоры, инклюзивті білім бойынша жетекші ғалым Умеш Шарма, сондай-ақ әйгілі Fuji Kindergarten балабақшасының авторы, жапон сәулетшісі Такакура Тезука бар.Жиынның негізгі тақырыбы білім берудегі инновация, цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын енгізу. Әсіресе, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдауға арналған технологиялық шешімдерге, оқытудың сапасын арттыруға, халықаралық тәжірибе алмасуға және елдер арасындағы серіктестікті дамытуға баса мән берілді.

Іс-шара аясында Innovation Expo атты инновациялар көрмесі ашылды. Көрмеде цифрлық технология, білім беру және қолжетімді ортаға арналған шешімдер ұсынылған. Іс-шараға Қазақстан, Ұлыбритания, Қытай, АҚШ, Польша және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен 17 компания қатысып жатыр. Көрме үш күн бойы Grand Hall қонақүйінде және ашық павильондарда өтеді.

Конгрестің алғашқы күні «Инклюзивті білім берудегі жаһандық трендтер: сын-тегеуріндер мен шешімдер» тақырыбында дөңгелек үстел және балалардың психикалық әл-ауқаты, ерекше білім беру қажеттілігін бағалау сынды 15 тақырып бойынша панельдік сессиялар ұйымдастырылды.

Алматы декларациясының жобасын талқылауға баса назар аударылады. Оның қабылдануы инклюзия саласында цифрлық технология мен жасанды интеллектті қолдануда бірыңғай халықаралық тәсілдерді қалыптастыру мен ынтымақтастықты нығайтудың маңызды қадамы болмақ.

WIC 2025 инклюзия мәдениетін дамытуға, білімге тең қолжетімділікті ілгерілетуге, жаңа технология мен үздік халықаралық тәжірибе енгізуге және халықаралық серіктестікті нығайтуға серпін береді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті