Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ есірткі қылмысына қарсы республикалық операцияны қолға алды

ІІМ есірткі қылмысына қарсы республикалық операцияны қолға алды
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі “Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

1 маусым мен 31 қазан аралығында Қазақстан Республикасының аумағында есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға, оларды анықтауға және жолын кесуге бағытталған “Қарасора — 2026” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Іс-шара барысында негізгі назар құрамында есірткі бар өсімдіктердің заңсыз егістіктері мен олардың жабайы өсетін ошақтарын анықтауға және жоюға, есірткі плантацияларын жоюға, есірткі дайындаумен, тасымалдаумен және өткізумен айналысатын қылмыстық топтардың қызметін тоқтатуға, сондай-ақ есірткі тасымалы арналарының жолын кесуге аударылады. Сонымен қатар полиция қызметкерлері құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактілерін, есірткіні сақтау орындарын анықтау және синтетикалық есірткі өндіруге байланысты заңсыз әрекеттердің жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізеді. Қойылған міндеттерді іске асыру үшін ішкі істер органдарының, Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның және жергілікті атқарушы органдардың едәуір күштері мен құралдары жұмылдырылады.

Іс-шара кезеңінде ауқымды рейдтік және жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылып, ауыл шаруашылығы алқаптарына тексерулер жүргізіледі, сондай-ақ заманауи техникалық құралдарды пайдалана отырып аумақтарға мониторинг жасалады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіргені, сондай-ақ есірткі құралдарын дайындағаны, сақтағаны, тасымалдағаны және өткізгені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Министрлік азаматтарды белсенді азаматтық ұстаным танытып, құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру, есірткі зертханаларының қызметі, есірткіні сақтау орындары және есірткінің заңсыз айналымына қатысты өзге де құқық бұзушылықтар туралы полицияға хабарлауға шақырады. “Қарасора — 2026” жедел-профилактикалық іс-шарасы — есірткі қылмысына қарсы күрес және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы кешенді жұмыстың маңызды бөлігі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды