Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 29 қылмыстың жолы кесілді

Павлодар облысында есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 29 қылмыстың жолы кесілді
Фото: polisia.kz

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы “Қарасора – 2023” республикалық жедел-профилактикалық операциясы барысында есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 29 қылмыстың жолын кесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы “Қарасора – 2023” республикалық жедел-профилактикалық операциясының аралық қорытындысын шығарды, ол өсімдік тектес есірткілердің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарды анықтауға, сондай-ақ жабайы өсетін қарасораны жоюға бағытталған.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша полиция қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 29 қылмыстың, оның ішінде 24 өткізу фактісінің жолын кесті. Сондай-ақ, құрамында есірткі бар өсімдіктердің өсуінің 315 ошағы анықталды, жер пайдаланушылардың атына оларды жоюға ұйғарымдар шығарылды.

– Екібастұз қаласының 24 жастағы тұрғыны ораушы және есірткіні жасырушы болып жұмыс істей отырып, 2,3 келі гашиш пен 220 грамнан астам марихуананы сақтаған. Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінде (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тексеру барысында полиция қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 17 хаттама жасады, – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қабылданған шаралар нәтижесінде заңсыз айналымнан 382 келі түрлі тыйым салынған заттар тәркіленді.

Ведомствоаралық кешенді жедел-профилактикалық операция аясындағы іс-шаралар жалғасып жатыр. Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3-тармағына сәйкес құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар бар өсімдіктерді өсіруге және жинауға лицензиясы жоқ кез келген заңды тұлғалардың, осы өсімдіктер өсетін жер учаскелерінің иелері немесе пайдаланушылары болып табылатын азаматтар оларды жоюға міндетті.

Осы талаптарды бұзу жауапкершілікке әкеп соғады.

ҚР ӘҚБтК-нің 420-бабына (Жабайы өсетін қарасораны жою жөнінде шаралар қолданбау) сәйкес жеке тұлғаларға – 10, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 40, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 70, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді