Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан үшін жаңа контейнерлік кемелердің құрылысы басталды

Қазақстан үшін жаңа контейнерлік кемелердің құрылысы басталды
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Баку кеме жасау зауытында Қазақстан үшін салынатын сыйымдылығы 780 TEU болатын алғашқы мамандандырылған контейнерлік кеменің килін қалау рәсімі өтті. Жоба Abu Dhabi Ports Group компаниясымен ынтымақтастық аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов қатысты.Жоба «Қазмортрансфлот» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы мен Abu Dhabi Ports арасындағы серіктестік шеңберінде іске асырылуда. 2027 жылдың соңына дейін Каспий теңізінде контейнерлік жүктерді тасымалдауға арналған екі заманауи контейнерлік кемені салу жоспарланған.

Жаңа кемелер Қазақстанның контейнерлік жүктерді теңіз арқылы тасымалдау мүмкіндігін кеңейтіп, тасымалдардың тиімділігін арттыруға және Транскаспий халықаралық көлік бағыты (Орта дәліз) бойындағы еліміздің позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ іс-шара барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Баку кеме жасау зауытының бірлескен жобалары талқыланды. Екі құрғақ жүк кемесін салу жөніндегі келісімшартқа қол қойылған. Қазіргі уақытта кемелердің дизайндері пысықталуда. Оларды тапсыру 2028 жылға жоспарланған.

Отандық сауда флотын дамыту Қазақстанның көлік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Биылғы сәуір айында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ алты кеменің, оның ішінде екі контейнерлік кеменің құрылысын салу туралы келісім жасасты. Бұл кемелер Баку кеме жасау зауытында құрастырылады.

Аталған жобаларды іске асыру Каспий өңірінің көлік-логистикалық әлеуетін одан әрі арттыруға, жүк тасымалы көлемін ұлғайтуға және Қазақстанның Азия мен Еуропаны байланыстыратын маңызды транзиттік хаб ретіндегі рөлін күшейтуге ықпал етеді.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды