Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР теңіз көлігі саласын дамыту бойынша 2025 жылдың соңына дейінгі жоспарлар мен 1-жартыжылдықтың қорытындылары айқындалды

ҚР теңіз көлігі саласын дамыту бойынша 2025 жылдың соңына дейінгі жоспарлар мен 1-жартыжылдықтың қорытындылары айқындалды
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Ағымдағы жылдың 16 шілдесінде ҚР Көлік министрлігінде теңіз саласын дамыту бойынша ағымдағы жағдайды және жоспарларды қарау бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Кеңеске Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Темір жол және су көлігі комитетінің төрағасы Тайжанов Ж.Ж. төрағалық етті. Іс-шараға Порттардың теңіз әкімшілігі, Теңіз навигациялық орталығы, «Қазақстан темір жолы» және «Қазмортрансфлот» ұлттық тасымалдаушылары, Ақтау және Құрық теңіз порттары, сондай-ақ өзге де қатысы бар ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Ақтау теңіз портының (Д. Құтпанбаев), Құрық портының (Б. Әлібеков), «Кедентранссервис» компаниясының (Қ. Аманжолов), «KTZ Express» АҚ-ның (А. Қапар), Ақтау теңіз солтүстік терминалының (А. Билиджи), «Kaspi Grain Way» компаниясының (Е. Әбдіреев), Теңіз навигациялық орталығының (В. Евдокимов), Порттардың теңіз әкімшілігінің (А. Тенізбаев) және басқа да ұйымдардың басшылығының есептері тыңдалды.

Ж. Тайжанов теңіз көлігі саласын дамыту бөлігінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын уақтылы орындаудың маңыздылығын мәлімдеді.

Кеңес барысында Ақтау портының өндірістік көрсеткіштерінде, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік маршруты, оның ішінде контейнерлік тасымалдар бойынша 2025 жылдың алғашқы 6 айының қорытындыларына сәйкес жүк тасымалдау көлемінде оң динамика байқалғаны атап өтілді.

2025 жылдың алғашқы 6 айында теңіз порттары арқылы жүктердің ауыстырып тиеу көлемі 4,5 млн. тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен  салыстырғанда 25 %-ға артқанын көрсетеді

Сондай-ақ, 2024 жылы ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру шеңберінде бекітілген теңіз инфрақұрылымын дамытудың кешенді жоспарын іске асыру барысы жеке қаралды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша Ж. Тайжанов саланы одан әрі дамыту жұмыстарын күшейту шеңберінде бірқатар тапсырмалар берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті