Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте 2026-2028 жылдарға арналған мектепке дейінгі және бастауыш білім беруді дамытудың кешенді жоспарының жобасы қаралды

Үкіметте 2026-2028 жылдарға арналған мектепке дейінгі және бастауыш білім беруді дамытудың кешенді жоспарының жобасы қаралды
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен жиында 2026-2028 жылдарға арналған мектепке дейінгі және бастауыш білім беруді дамытудың кешенді жоспарының жобасы, сондай-ақ педагогикалық жоғары оқу орындарының жұмысын жетілдіру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиын барысында құжатты әзірлеу жұмыстарының барысы қаралып, қатысушылардың баяндамалары тыңдалды. 

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектепке дейінгі және бастауыш білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттарын таныстырды.

Аида Балаева мектепке дейінгі және бастауыш білім беру баланың тұлға ретінде қалыптасуының берік негізін қалайтынын, әрі оның болашақтағы дамуына тікелей әсер ететін маңызды кезең екенін атап өтті. Сонымен қатар педагог кадрларды даярлау жүйесін дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды.

Жиында тәрбиеші мамандығының беделін арттыру, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қаржыландыру тетіктерін жетілдіру және Мемлекет басшысы айқындаған құндылықтарға негізделген педагог даярлаудың жаңа үлгісін қалыптастыру мәселелері сөз болды.

Ғылым және жоғары білім министрлігіне педагогикалық білім берудің жаңа моделін әзірлеу міндеті жүктелді. Бұл бағытта талапкерлерді іріктеу тетіктерін жетілдіру және педагогикалық жоғары оқу орындарына түсушілер үшін ҰБТ-ның жаңа форматын енгізу көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, педагогтерді даярлау мазмұны мен әдістерін жаңарту, тәжірибеге негізделген оқытуды күшейту, цифрлық шешімдерді кеңінен енгізу және профессор-оқытушылар құрамының кәсіби әлеуетін арттыру стратегиялық басымдықтар ретінде аталды.

Ұсынылған бастамалар мен жаңашылдықтар алдағы уақытта өңірлерде сарапшылар мен педагогикалық жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуымен жан-жақты талқыланады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды