Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін білім беру қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 25 пайызға өсті. 2023 жылы қыркүйектің 1-нен бастап тағы 30 пайызға артады. Осылайша, 97 мыңнан астам мұғалімнің жалақысы 2,5 есеге өседі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы қолдауымен жүзеге асырылатын педагогтердің жалақысын жыл сайын арттыру оң нәтиже береді. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін күшейту мақсатында оларды даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау жүйесін жетілдіру, әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыру жолымен министрлік жүйелі жұмыс жүргізуде. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Әдістемелік кабинеттер жанынан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтарына әдістемелік көмек көрсету үшін мобильді топтар құрылды", - деп атап өтті департамент директоры Наталья Жұмаділдаева.